2023 жылғы 19 наурызда Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 517816 азамат енгізілген.
Дауыс беруге 310513 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 1011, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде – 5291.
Сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны – 6.
Әр саяси партияға берілген дауыстардың саны:
«Amanat» партиясы – 210863 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 69,53 проценті;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 33351 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 11,00 проценті;
«Respublica» партиясы – 9150 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,02 проценті;
Қазақстан Халық партиясы – 13048 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 4,30 проценті;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 10141 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,34 проценті;
«Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 17421 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,74 проценті;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны – 9275.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың былайша бөлінгені белгіленсін:
«Amanat» партиясы – 13;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2;
«Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 1.
Ақмола облыстық сайлау комиссиясы.