Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мамырдың 1-не дейін ауыр жүк көліктерінің қозғалысы шектелді - АРҚА АЖАРЫ

Мамырдың 1-не дейін ауыр жүк көліктерінің қозғалысы шектелді

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау үшін өңірдің автомобиль жолдарында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді және ол 2023 жылғы 23 наурыздан 1 мамырға дейін қолданылады.

«Ауыр жүк көлігінің қозғалысы бойынша шектеулер халықаралық тасымалдарға, сондай – ақ жол құрылысына қажетті және төтенше жағдайлардың алдын алу немесе жою үшін қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек, гуманитарлық көмек және жүктерді тасымалдауға қолданылмайды», – деп атап өтті «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ы Ақмола облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінен.

Осыған байланысты «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалының қызметкерлері мен өңірлік көліктік бақылау инспекторлары бірлесіп, автомобиль жолдарындағы ауыр жүк көлігі қозғалысына мониторинг жүргізуде.

Мониторинг барысында мамандар жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасы мен тасымалдау ережелеріне қойылатын талаптардың сақталуын бақылайды. Сондай – ақ, көлік құралдарының салмағы мен олардың габариттік өлшемдері өлшенеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар