Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қосшыда 65 млн теңгенің жер учаскесі мемлекетке қайтарылды - АРҚА АЖАРЫ

Қосшыда 65 млн теңгенің жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

– Ақмола облысы Қосшы қаласы прокуратурасының араласуымен мемлекетке құны 65 млн теңге болатын жер учаскесі қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Мәлім етілгендей, Қосшы ауылдық округі әкімінің өкімімен 2016 жылғы тамызда жауапкершілігі шектеулі серіктестікке (ЖШС) ауданы 3,2778 гектар жер қайтару шартымен уақытша пайдалануға берілген. Осы өкімнің негізінде ЖШС мен Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі арасында тиісті шарт жасалған.

Анықталғандай, бес жылдан кейін ЖШС құны 65 млн теңге болатын жер учаскесін жалға алу құқығын өзге кәсіпорынға 120 млн теңгеге сатып жіберген.

«Жалдау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Алайда, 2016 жылдан бері кәсіпорын жер учаскесін нысаналы мақсатта пайдалану бойынша бірде-бір әрекет жасамаған. Құжаттарға сәйкес, ЖШС ол жерге тұрғын үй кешенін салуды көздеген.

Кадастрлық құны 65 млн теңге болатын жер учаскесі Қосшы қаласының орталығында орналасқан және жоғары инвестициялық тартымдылығы бар.

Мұндай тұжырымды 2021 жылы ЖШС жерді жалдау құқығын басқа заңды тұлғаға 120 млн теңгеге сатып жібергенінен жасауға болады.

Алайда, қадағалау органы жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 48-бабының нормаларын бұза отырып, атап айтқанда, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізілмей берілгенін анықтады», — делінген хабарламада.

Осыдан кейін прокуратураның ұсынысымен Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаменті (департамент) жалдау шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап-арыз енгізген.

«Ақмола облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 7 қарашадағы шешімімен департаменттің талап-арызы жерді мемлекетке қайтарумен толық көлемде қанағаттандырылды. Бұл шешім 2023 жылғы 16 ақпанда заңды күшіне енді.

Қосшы қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша осы жер учаскесінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде мектеп салу жоспарланады», — делінген Бас прокуратура мәліметінде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар