Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды - АРҚА АЖАРЫ

Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

– Қазгидромет синоптиктері 19 сәуір, сәрсенбіде бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19-20 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. 19 сәуір түнде облыстың басым бөлігінде – 1-6 градус үсік, 20 сәуірде облыстың таулы аудандарында 1-3 градус үсік сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20, түнде Алакөл маңында – 23-28 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 2-7 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысыныңбатысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Астана қаласында түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады.

Алматы облысындатүнде – 1-6 градус, Алматы қаласында1-3 градус үсік жүреді.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Павлодар облысыныңоңтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында – көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығсында, оңтүстігінде – 15-20, күндіз екпіні – 23 м/с.

Күндіз Абай облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні – 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні – 25 м/с.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар