Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша автожолдарды жөндеу сапасының төмендігі анықталды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша автожолдарды жөндеу сапасының төмендігі анықталды

Көкшетау қаласының әкімі Бауржан Ғайсаның төрағалығымен өткен кеңесте облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері, «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұловтың, депутаттардың, жұртшылықтың, мемлекеттік органдар мен ұйым басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Сөз сөйлеу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті превенция басқармасының басшысы Жанат Тұралинов автожолдар саласы облыстың Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілгенін атап өтіп, Көкшетау қаласының автожолдарын жөндеуге жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша анықталған бірқатар кемшіліктер туралы хабарлады. Айта кету керек, мониторинг «Әділдік жолы» РҚБ және Ұлттық жол активтері сапасы орталығының филиалдарымен бірлесіп жүргізілді.

Қоғамдық мониторинг белгілегендей, жекелеген мердігерлік ұйымдар жол жұмыстары бойынша өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамайды. Бұл ретте мемлекеттік органдар атынан тапсырыс берушілер жұмыстың сапалы орындалуын тиісті бақылауға алмайды. Мысалы, өткен жылы кәсіпорындардың бірі 397 млн теңгеге қаланың көше-жол желісіне орташа жөндеу жүргізген, алайда кейбір учаскелер бойынша жол жамылғысының шөгуі, асфальт жарықтары, оның ішінде бойлық жарықтар анықталды. Красный Яр ауылында да жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасыз жасалғаны белгілі болды. Онда жалпы сомасы 440 млн теңгеге екі компания жұмыс жүргізген.

Спикер тапсырыс берушілер мен мердігерлерге кепілдік міндеттемелері шеңберіндегі ақауларды қысқа мерзімде жою, сол арқылы қандай да бір құқық бұзушылықтарды болдырмау және халық тарапынан сынға түсуге жол бермеу қажеттігін атап өтті.

Кеңес барысында «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасауға бастамалық танытқаны үшін қала әкіміне алғысын білдіріп, бірлескен күш-жігерді талап ететін бірқатар проблемалық мәселелерді айтты.

Соңында Бауыржан Ғайса жауапты бөлімдерге қалалық автожолдардың құрылысы мен жөнделуіне тұрақты негізде тиісті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырып, мемлекеттік органдардың жұртшылық өкілдерімен тиімді ынтымақтастығын құрудың маңыздылығын атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар