Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетаудың қақ ортасындағы қоқыс пен қамыс – фоторепортаж - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетаудың қақ ортасындағы қоқыс пен қамыс – фоторепортаж

Көкшетаудың қай бұрышына барсаң да, шашылып жатқан қоқысты көресін. Көше бойы да, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы да, жеке сектор айналасы да қоқысқа толы. Тау болып үйілген қоқысты көргенде иесіз қала ма деп қаласын.

Қала басшылығы мұны тарифтің төмендігі және тұрғындардың тазалыққа қырын қарауымен байланыстырады. Әйтсе де, қаланың орталығында жаңа салынған тұрғын үйлердің тау болып үйілген қоқыс пен адам бойынан асатын қамыстың қоршауында қалып отырағанын ешкім жоққа шығара алмайды.

Көкшетаулықтар бұған қала тазалығына жауапты коммуналдық кәсіпорын да, қала тұрғындары да кінәлі емес екенін айтуда. Редакциямызға хат жазған тұрғындардың айтуынша, қаланың ластануына қала басшылығының жауапсыздығы, жұмысқа деген салғырттығы себеп болып отырған көрінеді.

«Осыдан бірер жыл бұрын «Собачий хутор» арқылы өтетін Ғабдуллин көшесі «Шах» дәмханасы тұсынан Абылай хан көшесін қиып, Центральный шағынауданы арқылы Жансая тұрғын үй кешеніне дейін жалғасады деген еді. Содан бері біраз жылдың жүзі болды, әлі көшенің салынатын түрі. Керісінше, көше салынатын аумақты қаланың құрылыс компаниялары қоқыс алаңына айналдарып жіберді. Осының салдарынан еріген қар мен жаңбырдың суы өзінің табиғи ағысын жоғалтып, тұрғын үйлердің ауласына жиналуда. Бұл әрине, тұрғындардың жүріп, тұруына үлкен кедергі келтіріп отыр. Екінші жағынан қалаға экологиялық қауп төндіруде. Жаздыгүні қоқыстың арасынан шығатын жағымсыз иістің қолқаны қапқаны бір бөлек, үйдің ауласына дейін қуалап өскен, адам бойынан асатын құрғақ қамыс өртенсе түтінге тұншығамыз», – дейді қала тұрғыны Бауыржан Әлібек.

PS: Көкшетаудың орталығын осылай күл – қоқыс төгетін орынға айдалдыру әрине, қала әкімі Бауыржан Ғайсаға үлкен сын. Көзге түрпідей тиіп, қала тұрғындарына қолайсыздық келтіріп отырған осы мәселені облыс және қала басшылығы тез арада шешеді деп үміттенеміз.

 

Фото: Центральный шағынауданында тау болып үйілген қоқыс пен қурап тұрған қамыс.

Дереккөз: koksheinform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар