Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Отанға қызмет етеміз! - АРҚА АЖАРЫ

Отанға қызмет етеміз!

7 мамыр – Отан қорғаушы күні мерекесі қарсаңында облыс әкімі Ермек Маржықпаев күштік құрылымдар өкілдерімен кездесу өткізді. Мерекелік шараға өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысатын ведомстволардың қызметкерлері қатысты.

–Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміздің Қарулы Күштері әскери және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейіне қол жеткізді. Отан қорғаушылардың жаңа ұрпағы аға ұрпақ ерлігін лайықты жалғастыруда. Мереке қарсаңында жылдағы дәстүр бойынша өз өмірін әскери қызметке арнаған сіздердің баршаларыңызға алғысымызды білдіреміз. Бұл – қорғаныс, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің, Ұлттық Ұланның, полиция, прокуратураның жеке құрамы, әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер,  –деді өз сөзінде Ермек Боранбайұлы.

Ақмола облысы қорғаныс департаментінің бастығы Талғат Турабай міндетті әскери қызметке азаматтарды шақыру ісін ұйымдастыру ведомство алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

–Жыл сайын шамамен жеті мың сарбаз еліміздің әртүрлі аймақтарында әскери қызмет атқарады. Әскери жоғары оқу орындарында жүзге жуық болашақ офицерлер оқыса, екі жүзден астам адам келісім-шарт бойынша әскери бөлімдерде жұмыс істейді. Дәстүр бойынша патриоттық тәрбие әскери-спорттық бағыттағы клубтар ықпалымен мектеп қабырғасынан басталады. Бастапқы әскери дайындық пәнінен көмек көрсетеміз, ерлік сабақтарын және әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер кездесулерін ұйымдастырамыз, – деді ол.

Жазасын өтеп жатқандармен жұмыс жөнінде тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы, әділет майоры Мәдина Әдентаева айтып берді.

–Біздің №4 қылмыстық түзеу жүйесі мекемесінде сотталғандармен көп жұмыс жүргізіледі. Әрқайсысының жеке басын зерттеп, олардың демалысын ұйымдастырамын, мәдени-көпшілік және спорттық шаралармен қамтуды қарастырамын. Үш жыл ішінде бостандыққа шыққан 80 жазасын өтеушінің бірде бірі қайта қылмысқа барған жоқ, – деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ, жыл ішінде үш мыңнан астам шақыртуларға барған ақмолалық құтқарушылардың атына да жылы сөздер білдірілді. Олардың үйлесімді жұмысының арқасында 244 адамның өмірі құтқарылып, 163 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ақмола облысының десанты Түркиядағы жер сілкінісі салдарларын жоюға көмектесті. Қостанай облысындағы өртті сөндіруге қатысты.

Азаматтық қорғау лейтенанты Кирилл Гребенников 2016 жылы өз қызметін өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі болып бастады. Қазір Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері.  «Құтқарушылар үшін жұмыс әр кезде де табылады. Біз ұдайы әскери дайындық жағдайында боламыз. Көп жағдайда біздің іс-қимылымыз қауіп-қатерге түскен адамдардың өмірін арашалауға бағытталады. Сондықтан біздің кәсіпке жүрегі кең, басқалар үшін жаны ауыратын адамдар келеді» деп атап өтті лейтенант.

Құқық тәртібін қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі және мінсіз қызметі үшін полиция департаментінің тез әрекет жасайтын арнайы жасағы командирінің орынбасары Тасым Ғабдуллин, Целиноград аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Қуаныш Исин, қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бөлім бастықтары Ернар Әбдірахманов және Айдын Темірбаев, сондай-ақ, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полиция старшинасы Азамат Есқақов ведомстволық марапаттарға ие болды. Бірқатар мамандардың еңбегі облыс әкімінің Алғыс  хатымен атап өтілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар