Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қосшы қаласына жұмыс сапары барысында жаңа шаһарда салынып жатқанбірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көріп, жол құрылысы, тағы басқа да өмірлік маңызы зор мәселелерді пысықтап, тиянақтай түсті.
«Лесная поляна» тұрғын үй алабы – Қосшы қаласындағы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі. Қосшыға сапары барысында аймақ басшысы мұндағы 1500 орындық мектеп құрылысымен танысты. Мұндағы ғимараттың құрылысы, ішкі жұмыстары және құрал-жабдықтарды сатып алу «Accent Development Solutions» ЖШС-нің жеке инвестициясы есебінен жүргізілуде. Мердігер – «Bazis Construction» ЖШС.
«Верный Капитал» ЖШС-ның басшысы Ярослав Пак құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуға жақын екенін, құрал-жабдықтардың жеткізіліп жатқанын, қазірдің өзінде 85 пайызға жуығы қабылданғанын баса айтты.
– Алғашқы күннен бастап дайындық сапасын бақылауда ұстаңыз. Бұл жерде бізге жақсы ойлайтын, ізденгіш ұжым керек. Тағы да қайталап айтамын: мектеп бүгінде Астанаға қатынап оқуға мәжбүр болған Қосшының балалары үшін салынып жатыр, – деді Ермек Боранбайұлы қалалық білім бөлімінің басшысы Қанат Ахметовке.
– Директорды бекіткен бойда біз бірден ұжымға қызметкерлер алуға кірісеміз. Қалалық білім бөлімінде қазірдің өзінде жұмысқа орналасуға 120-ға жуықөтініш келіп түсті, кадр құрамын конкурстық негізде қалыптастырамыз, – деді Қанат Есенбекұлы. Әр сыныпта интерактивті, маркер және бор тақталары, ыңғайлы жиһаздар бар. Оған қоса, заманауи интерьер де назар аударарлықтай.
Бүгінгі таңда акт залын монтаждау жұмыстары аяқталып, аумақты абаттандыру және спорт алаңдарын – оның ішінде футбол және баскетбол алаңдарын, жүгіру жолын жабдықтау жұмыстары басталды. Шығармашылықты дамыту үшін қыш шеберханасы, фото-бейне студиясы, фортепиано және халық аспаптары бойынша сабақтарға арналған үш музыкалық кабинет қарастырылған. Жұмысты аяқтау маусым айына жоспарланған, одан кейін мектеп қала балансына өтеді. Ал, қыркүйекте қаланың оқушылары өз парталарына отырады.
Мектеп жанынан тағы бір құрылыс алаңы бой көтерді. Наурыз айында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жұмыстары басталды. «Сonstruction Company» құрылыс компаниясы» ЖШС-ның учаске басшысы Ерлан Қаленов іргетас жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатқанын, инженерлік желілер мамыр айының соңына дейін іске қосылатынын атап өтті. Жоспар бойынша ғимаратты келесі жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру қарастырылған.
Екі қабатты дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің аумағында жаттығу залы мен күрес залдары, бассейн, спортпен шұғылдануға арналған алаңдар, тренажерлар мен тренажерлық жабдықтар болады. Онда күніне 300-ге жуық адам спортпен айналыса алады.
– Жылы кезеңде контурды жабу үшін құрылыс қарқынын арттыру қажет. Қыста ішкі жұмыстарды жасайсыздар. Қаланы тезірек әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етуіміз керек. Ал, Қосшыға ең алдымен балаларға арналған ФОК өте қажет, – деді Ермек Боранбайұлы.
Одан әрі өңір басшысы 1200 орындық тағы бір мектептің құрылысымен танысып, техникалық қадағалау өкілдеріне жұмыстың барлық кезеңдерінде сапаны қадағалауды тапсырды.
Қосшыдағы жол-көлік инфрақұрылымының құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысы туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков баяндады:
– Қосшыда біз жалпы ұзындығы 62 шақырымға жуық 106 көшені қамтитын үш маңызды жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Қазіргі уақытта оның 45 пайызы орындалды. Жол желісін күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінді. Өткен жылы астыңғы қабаты төселсе, қазір үстіңгі қабаты асфальтталып жатыр. Қазір бұл жұмыстармен Байқоңыр, Берел, Бозоқ, Тәуелсіздік, Бөкейхан, Баян сұлу, тағы басқа көшелер қамтылған. Жалпы қамту ауданы 84 000 шаршы метр. Жұмысты «Автодор НС» АБК ЖШС мердігер ұйымы атқаруда.
Абылайхан, Зайсан, Жангелдин көшелерін асфальттау және абаттандыру жұмыстарына республикалық қордан 300 миллион теңге бөлінді. Оған «АтырауИнжСтрой-АИС» ЖШС мердігерлік етеді. Облыстық бюджет есебінен тағы бес шақырым жолды төсеу және тегістеу жұмыстары қамтылды.
Көршілес Тайтөбе ауылында жалпы ұзындығы 40 шақырым жолды толық жөндеу жоспарлануда. Ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен бір миллиард теңге бөлінді. Бас мердігер – «АтырауИнжСтрой-АИС» ЖШС жыл соңына дейін барлық міндеттемелерді орындауды жоспарлап отыр.
Біртіндеп электр энергиясын жеткізу мәселесіде алға жылжуда. Қазірдің өзінде 488 баған орнатылып, үш көшеге жарық берілді. Жалпы, электр желілерін тартуға облыстық бюджеттен 351 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. «Энерджи Тараз» ЖШС мердігерлік ұйымы да жылдың төртінші тоқсанында осы жұмыстарды аяқтауды көздеп отыр.
– Көшелер таза дажинақы, тұрғындар өз ауылына қамқорлық танытып, әкімдік тарапынан дер кезінде мәселелердің шешілуіне ықпал ететіні көрініп тұр. Ауылымызға осындай ыждағаттылықпен қарау арқылы ғана біз азаматтарымыздың мәдениетін жаңа деңгейге көтере аламыз, – деп түйіндеді сөзін облыс әкімі Тайтөбе ауылының әкімі Парасат Досмағанбетовтің еңбегіне ризашылғын білдіріп.
.Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Наталья ЯКОВЛЕВА.
Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.