Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қарызыңыз жоқ болса ғана жол ашық!.. - АРҚА АЖАРЫ

Қарызыңыз жоқ болса ғана жол ашық!..

Тұтастай еліміздегідей, ендігі арада ақмолалық тұрғындардың да көлік және мүліксалығы бойынша берешектері осы жылдың 26 мамырынан бастап мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына жолданатын болады.

Жаз – демалыс уақыты. Іссапарды, туысқандарға немесе шет елге туристік сапарға баруды жоспарлаудың алдында  билет, қонақ үйден орын алғанға дейін осыған кедергі келтіретін нақты факторлардың бар-жоғы туралы ойланған жөн.Атқару құжаттарын орындамау, қарызды өтемеуелден шығудан бас тартуға тура келетінінің басты себебі болып табылады. Осылайша егер сіздің мемлекет немесе басқа адамдар алдында салықтарыңыз, айыппұлдарыңыз сотқа жүгінуге дейін апарған қарыздарыңыз болса, бұл жағынанеғұрлымсақ болу қажет. 41 мыңнан астам ақмолалықтардың мүлік және көлік салығы бойынша жалпы сомасы 792,53 миллион теңгені құрайтын берешегі бар. Оның 15,7 миллион теңгесі мүлікке, 776,8 миллионтеңгесікөлікке тиесілі.

Ағымдағы жылдың 26мамырынан бастап, берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен (3 450 теңге) асатын борышкерлердің тізімдері өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына жіберілетін болады.

Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттарға және мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ, 40 айлық есептік көрсеткіштен (3450х40=138 000 теңге) асатын берешек сомасы қалыптасқан кезде Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін. Міне, біздің айтып отырғанымыз осындай жағдайлар. Бұған қоса, бір жаққа, әсіресе, шет елдерге шығарда жеке сот орындаушылары берешек сомасының 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады. Осыған байланысты азаматтарға қарыздының жоқтығына әбден көз жеткізіп алуды ұсынамыз.

Салық бойынша берешек сомасын «Е Салык-Азамат» мобильді қосымшадан электрондық сервистер → салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі → /ЖСН енгізу/, сондай-ақ «@SalyqBot» Telegram чат ботында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан есептей аласыз немесе 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады. Қалай дегенде де, елден шығуға тыйым салуға әкеліп соғатын жағымсыз оқиғаларды болдырмау үшін өз міндеттемелеріңізді алдын ала тексеріп алғаныңыз абзал. Нағыз сапарға жүрер сәтте ол қарыздар алдыңыздан шығып, ойламаған жерден жолыңыз бөгеліп жатса, нағыз тұйыққа тірелу деген сол болар.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар