Жалған жолмен әкелінетін тауарлардан абай болыңыз

Контрафактілік тауарлар әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өзекті мәселе болып табылады. Тауарлар бағасының көтерілуі аясында контрафактілік тауарлар мәселесі тек ушыға түсуде. Онлайн сауданың дамуымен және жеткізілетін тауарлар көлемінің ұлғаюымен оны қадағалау қиындап отыр.

Төмен бағаға байланысты контрафактілік тауарлар сұранысқа ие. Мүмкіндігінше үнемдей отырып, тауарларды тез сатудан жасанды өнімдер арзанырақ. Өйткені заңсызөндірушілер жабдықты, жұмыс күшін, материалдарды,бәрін үнемдейді. Тауарлар көбінесе қолөнер жағдайында, өз үйінің ауласында не жасырын цехта жасалады.Тәртіп бұзушылар бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін өздеріне қауіп төндіретін жауапкершіліктен де қорықпайды.

Жалпы, контрафактілік өнімді өндіру, әкелу, өткізу үшін заң бұзушыға контрафактілік өнімді тәркілеу және жою арқылы 20-дан 80 АЕК-ке дейін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген. Қылмыстық жауаптылық (ірі зиян келтірген жағдайда) 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не түзеу жұмыстарына, не 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 20 тәулікке дейін қамауға алу жазасы да қарастырылған.

Контрафактілік тауарлардың басым бөлігі Қытайдан келеді. Олар киім, аяқ киім, аксессуарлар, жалған автокөлік бөлшектері. Азық-түлік өнімдері Өзбекстаннан да келеді, кәмпиттер, печеньелер, тәттілер, газдалған сусындар және басқа да танымал өнім топтары жалған тауарлар болып шығатын кездер аз емес.

Шығыс Еуропа мен БАӘ-де салықсыз темекілердің үлкен партиялары шығарылады. Олар бізге Орталық Азия елдері мен Ресей арқылы тасымалданады.

Контрафактілі өнімнің әрбір түрі тұтынушының өмірі мен денсаулығына ықтимал зиян, қоршаған ортаға да зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, контрафактілік косметика мен тұрмыстық химия аллергиялық және дерматологиялық дерттердің қаупін тудырады, жалған автокөлік бөлшектері автомобильдің өнімділігін төмендетеді және жол қауіпсіздігіне әсер етеді, контрафактілік алкоголь мен темекі өнімдері улануды тудыруы және осы өнімдерді тұтынудан жоғары зиян келтіруі мүмкін. Жасанды балалар өнімдерінің құрамында улы бояғыштардың көп мөлшері болуы ғажап емес. Құрылыста жалған цементті пайдалану тұтас ғимараттардың қирауына әкеліп соқтырады, ал, жалған электр сымдарын пайдалану өрттің жиі шығуына себеп болады.

Уақыт өте келе, мұндай жалған тауарлардың сапасы жақсарады, тіпті сарапшылардың да жалғанды ​​түпнұсқадан көзбен ажыратуы қиынға соғады. Ал контрафактілік тауарларды сатып алу қаупін азайту үшін көше базарлары мен стихиялық сауда нүктелерінен аулақ болып, керек-жарақты өндірушілерден, уәкілетті дилерлерден (дистрибьюторлардан) немесе сенімді дүкендерден сатып алу ұсынылады. Мұндайда тауарлар қаптамасының бүтіндігі мен сапасын, жарамдылық мерзімін тексеріңіз, қаптамада шығарылған күні немесе жарамдылық мерзімі қайталануы мүмкін бөгде жапсырмалардың болу-болмауы да есте болсын. Тауардың шыққан жерін анықтау үшін авторлық құқық иелері мен дилерлерге тікелей сұрау салуға немесе қаптамада көрсетілген сенім телефонына қоңырау шалуға да болады.

Ал егер сіз сапасыз өнімге тап болсаңыз, бұл үшін нағыз өндірушіні кінәлауға асықпаңыз, ол көлденең көк аттылар шығарған жалған тауар да болуы мүмкін. Сондықтан, әрдайым сақтық, заң шеңберіндегі  нақты шаралар қажет.

Айсұлу ҒАБДУЛЛИНА,
Ақмола облысы әділет департаменті зияткерлік меншік
құқығы бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар