Өнер деп соққан жас жүрек

Аңсары да ұлы өнер, алдағы мақсат-мұраты да осы бір ыстық лебімен көкіректерін қоламтаның шоғындай қыздыратын ғажайып әлемнің шамшырағы болуға ұмтылған жастардың алғашқы қадамы сәтімен сабақталуда.

Таяуда Қостомар ауылының «Балдәурен» домбырашылар ансамблі Астана қаласында «Қазақ академия» өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жас талант» бірінші халықаралық байқауында «Аспапта ойнау» аталымы бойынша бас жүлденің иегерлері атанды. Шынтуайтында, байқау тартысты өтті. Бармағынан бал тамған домбырашы көп. Көп болған соң шын жүйрік, тума талант қана шырқау биікке шығар еді. «Балдәурен» домбырашылар ансамблі тамаша өнер көрсетті. Бұл орайда жетекшілері Айткүл Сыздықованың ерен еңбегін екпін түсіріп айта кетсек артықтығы болмас. Ақсүйек өнердің нәрін жас талапкерлердің бойына сіңіріп, жауқазындай жайнатып өсіру шын ұстаздың ғана қолынан келмек. Шәкірттерінің деңгейін әділ бағалағаннан кейін ұстаздарына да алғыс айтылды. «Жас ұстаз» сертификатымен марапатталды.

Арнасай ауылының мәдениет үйінің жанындағы «Радуга» үлгілі би ансамблі Астана қаласында өткен «Respect Talents» атты балалар мен жастар шығармашылығы республикалық байқауында хореографиялық өнер аталымы бойынша бас жүлдені иеленді.

Ел ішінде мәдениеттің мәйегі тамып, өнерге құмар жастардың өрісі кеңіп келе жатқандығы үміт отын лаулатады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Аршалы ауданы.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар