Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнеркәсіпті қаланың несібесі кемімейді - АРҚА АЖАРЫ

Өнеркәсіпті қаланың несібесі кемімейді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов ағымдағы жылдың үш айының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндап берді.

Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің ықпалымен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында қолжеткізген жетістіктердің арқасында қалада дамудың оң динамикасы сақталды. Қазіргі уақытта Степногорск қаласы облыстың индустриялық бір орталығы болып табылады және өнеркәсіптік өндірісте өзінің үлес салмағын арттырып келеді.

−Өнеркәсіп өнімі көлемінің өсуі өткен жылдың көрсеткішінің деңгейінде сақталды. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлтық жоба шеңберінде 94 жоба субсидияланды. Қала экономикасына  инвестициялар тартылды. Құрылыс жұмыстарының көлемі артып, 734 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, үш 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Инженерлік желілерді тарта отырып, тағы екі тұрғын үйдің құрылыс жобалары бойынша сараптама қорытындысын аламыз және салалық басқармаға бюджеттік өтінім береміз,−деді қала әкімі. – Бүгінгі таңда, облыстың қолдауының арқасында қалада 10 ауланы абаттандыружүргізілуде, сондай-ақ, Шаңтөбе, Заводской, Бестөбе, Байқоңыс және Қырыққұдық ауылдарының жағдайына көңіл бөлінуде.

−«Халық қатысатынбюджет» жобасы аясында екі шағын ауданның аула аумағын абаттандыру жұмыстары іске асырылады. Аталмыш жоба тұрғындардың ең көп дауысына ие болды. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі  Ұлттық жобаға 140 адам енгізілді. Жұмыспен қамтудың әртүрлі нысандарында жетпістен астам адам жұмысқа орналасты. Жалпы, қала бойынша орташа айлық жалақы 287 мың теңгені құрады. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға да бюджеттен қаражат бөлінуде. Сонымен қатар, Бестөбе кентінде 300 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында барлық мектептер бейне-бақылаумен қамтамасыз етіліп, ғаламтор желісіне қосылды. Заводской және Ақсу кенттерінің мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Спорттық инфрақұрылымды кеңейу аясында қалада жабық хоккей кортының және Бестөбе кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу, Қарабұлақ ауылында«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында мәдениет үйін салу жоспарлануда.

Сондай-ақ, әкім халық көтеретін өзекті мәселелердің бірі жолаушылар тасымалы екенін атап өтті. Биыл қала тұрғындары үшін он төрт ыңғайлы шағын автобус сатып алынады. Бұл осы салада көлік санын ұлғайтуға және қала мен қала маңындағы маршруттарда жолаушылар тасымалдау жұмысын жақсартуға зор мүмкіндік бермекші.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар