Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Меценаттың қамқорлығы - АРҚА АЖАРЫ

Меценаттың қамқорлығы

Қайырымдылық – асыл қасиет. Қысылғанға демеу, жығылғанға медеу болып, жан-жағына шапағат шуағын шашып жүретін жандар аз емес. Олар өздерінің бұл ісін азаматтық борышына балайды. Осындай азаматтардың бірі Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, өңірге белгілі кәсіпкер Руслан Шамкенов өзінің сайлау округінің тұрғындарына мереке қарсаңында тосын сый жасады.

Аршалы ауданынан облыстық мәслихатқа сайланған халық қалаулысы Жібек жолы ауылының «Сарыарқа» көшесіндегі аллеяға жеке қаражатынан  балалар ойын алаңын орнатып, тұрғындарды бір қуантып тастады. Заманауи әткеншек, сырғанақ, карусель, футбол ойын алаңы мен құм ойнайтын алаңқайы бүлдіршіндердің игілігі үшін жасалғандығы материалдардың сапалы әрі мықты екендігінен көрініп тұр.

«Жазғы каникул басталар алдында балаларға осындай ойын алаңынан жасап беру ойымда жүр еді. Міне, әкеліп орнатып, пайдалануға тапсырдық. Күн санап өсіп келе жатқан елорданың іргесіндегі елді мекенде балаларда көп. Қуантсаң баланы қуант дейді халқымыз. Бәрі де балалар үшін !»,- дейді ағынан жарылған Руслан Жақсылықұлы.

Сонымен қатар, кәсіпкер мамыр айының басында Аршалы ауданының орталық алаңына әсем безендірілген «Аршалы- менің жүрегімде» атты жазуды өз қаражатына орнатқан. Кешкілік халық көп серуендейтін орталық алаңдағы бұл жазу қала көркіне ерекше сән беріп тұр.

Өнер мен білімді, спорт пен руханиятты қолдауға қомақты үлес қосып жүрген азаматтың еліне, туған жеріне жасаған қамқорлығын тізбелей беруге болады. Солтүстік пен Ақмола өңірінде бірнеше мұқтаж адамдарға баспана алып беріп, одан бөлек атаулы мейрам күндері ардагерлер мен  тыл еңбеккерлерін, көп балалы аналарға, жетім –жесір мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қамқорлық жасап, оларды азық- түлік,  киім-кешекпен қажетті заттармен қамтып  әрдайым жалғасытырып келеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін нық түсінген абзал азаматтың әлі де игі істеріне талай кәу боларымыз анық.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар