Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Полицияға пара ұсынған жүргізуші 465 мың теңге айыппұл арқалады - АРҚА АЖАРЫ

Полицияға пара ұсынған жүргізуші 465 мың теңге айыппұл арқалады

– Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторына пара ұсынған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Сот ер адамға 465 мың теңге айыппұл, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, 8 жылға көлік басқару құқынан айыру жазаларын тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта анықталғандай, сотталушы түнде мас күйінде автомашинаның жарық шамдарын қоспай, қала ішінде жүрген. Сол себепті, оның көлігін патрульдік полиция инспекторлары тоқтатқан.

Ер адам жіберген заң бұзушылықтар үшін жауапқа тартылатынын және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылатынын түсініп, жасаған әрекеттері үшін жауаптан құтылу үшін инспекторға ақша ұсынған.

«Лауазымды адамға пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы бірнеше рет ескертулерге қарамастан, сотталушы патрульдік көліктің ішіне 31 000 теңге ақша салды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері оның заңсыз әрекеттерін тіркеп, жедел бөлімге хабарлады. Қылмыстық іс сотқа іс жүргізу келісіммен түсті. Сотталушы кінәсін толық мойындады», -деді ведомстводан.

Сот үкімімен ер адам лауазымды адамға пара бергені үшін Қылмыстық кодекстің 367-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 465 000 теңге мөлшерінде 15 еселенген пара сомасында айыппұл тағайындалды. Алынған пара сомасы мемлекет кірісіне аударылды.

«Бұдан басқа, ер адамға қатысты жол ережелерін бұзғаны және полиция қызметкерінің мас күйіне куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы екі хаттама жасалды, олар бойынша оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу, көлік құралын басқару құқығынан 8 жылға айыру және айыппұл тағайындалды», — деп толықтырды ведомстводан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Үкімді жария етуге сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында, полиция қызметкерлері шақырылды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында лауазымды тұлғаға пара берген әкім сотталғанын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар