Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шен алып шепке шықты - АРҚА АЖАРЫ

Шен алып шепке шықты

КЕШЕ Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына болып, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының күндізгі оқу факультеті курсанттарының оқу бітіру салтанатты рәсіміне қатысты.

Қазақстанның Төтенше  жағдайлар министрлігі қатарына 137 жас офицер қосылды.

Іс-шара түлектердің туыстарының, азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің, құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Юрий Ильин өзінің құттықтау сөзінде жас лейтенанттарды оқуды сәтті аяқтауымен, алғашқы офицерлік атақты алуымен құттықтап, патриоттық рухты көтерумен, батырлық танытуды және Отан қорғаушы атағына лайық болуды тіледі.

Өз кезегінде Ермек Маржықпаев ұзақ жылдар бойы өңірдің еліміз және шетелдік жоғары оқу орындары үшін де азаматтық қорғау кадрларын даярлайтынын атап өтті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша түлектер қоштасу офицерлік вальсін билеп, соңғы рет жас лейтенанттар жалпы курсанттық құрамда салтанатты шеру жасады.

Барлық түлектер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне бөлінді.

Жоғары оқу орны 25 жыл ішінде 5000-нан астам маман дайындады, оған қоса,  азаматтық қорғау органдарының көптеген қызметкерлері біліктілігін арттырудан өтті. Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Юрий Ильин Академиямен, облыстық ТЖД қажеттіліктері үшін инфрақұрылымдық объектілер құрылысының жобаларымен танысты.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар