Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер!

Шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Мемлекеттік қызмет – бұл біліктілік, тиімділік пен әдеп негіздеріне құрылған маңызды тетік. Мемлекеттік басқарусыз бірде-бір қоғам өмір сүре алмайды. Сол себепті, мемлекеттік қызметші  мемлекеттің, оның қозғалыс пен тіршілік ілімінің басты тірегі болып саналады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында мемлекеттік қызметшілер туралы айта келіп, «Ең бастысы, біз мемлекеттік аппарат өкілдерінің сана-сезімін өзгертуге баса мән беруіміз қажет. Олар туған-туыстарының арасында, не болмаса қоғамда абырой-беделге ие болу емес, ең алдымен, халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат етуі тиіс. «Адал азамат» дегеніміз осы» деп атап көрсетті.

Халықта «билігі мықты елдің алар асуы биік» деген де сөз бар. Билікке сенімнің өзі мемлекеттік қызметшілерден, олардың жұмысының сапасынан басталатындығы жасырын емес. Өйткені, жалпыұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру, адамдардың тұрмыс-деңгейі, осының бәрі жоғарыдаға қағидаға байланысты болып келеді. Бұдан туатын қорытынды, сіздер мен біздердің иығымызда үлкен жауапкершілік, біздің азаматтарымыздың сенімін ақтау жауапкершілігі тұр.

Бүгінгі таңда біздің облыста алты мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Оның төрт мыңға жуығы жергілікті атқару органдары жүйесінде жұмыс істеп келеді. Бұл адамдардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыруға, біздің азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға қолдан келгеннің бәрін жасауда. Сол үшін де Сіздерге шын жүректен күрделі де қажырлы жұмыстарыңыз, жауапкершілік сезімін арқалап, өздеріңізге жүктелген міндеттерді барынша орындауға ұмтылыстарыңыз үшін алғыс сезімін білдіруіме рұқсат етіңіздер. Бұл күні ерекше ризашылығымды облысымызда мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуына, аймағымыздың дамуына баға жеткізгісіз үлес қосқан сала ардагерлеріне арнағым келеді.

Біздің ортақ күш-жігеріміз бен біліміміз одан әрі де Қазақстанның мемлекеттілігін дамытуға, еліміздің демократиялық құндылықтары мен экономикалық өсуін, халықтың жоғары тұрмыс деңгейін қамтамасыз етуге бағытталатынына сенімім зор.

Сіздердің баршаңызға Қазақстан халқына қызмет ету жолында жаңа табыстар, жақсылық пен ашық аспан, ақыл-парасат пен төзімділік тілеймін. Әрбір күніміз біздің мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының дамуына қатыстылығымызды, осы іске үлес қосып жүргендігімізді жан-жүрегімізбен сезіне түсу қуанышына толы болсын!

***

Құрметті мемлекеттік қызметшілер мен осы сала ардагерлері!

 Кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен шыққан құттықтауларымды қабыл алыңыздар!

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге реформаларды жүзеге асыру, бүкіл елді жаңғырту, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін ерекше жауапкершілік жүктелетінін, азаматтардың заңды талаптарының орындалуы мемлекеттік қызметшілерге байланысты екенін бірнеше рет баса атап өтті. Сондықтан, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу ерекше жауапкершілікті, үнемі өзін-өзі жетілдіруді, жоғары кәсібилік пен терең білімді қажет етеді.

Сіздердің әрқайсыларыңыз мемлекеттік бағдарламалар мен ауқымды реформаларды іске асыруға елеулі үлес қосып келесіздер. Кәсіби, тиімді жұмыстарыңыз мемлекеттілікті нығайтудың және еліміздің барлық азаматтарының әл-ауқатын арттырудың маңызды факторы болуға тиіс.

Бұл күндері мен мемлекеттік қызмет ардагерлеріне, сондай-ақ,осы жүйеде жұмыс істейтін қызметкерлергетаңдаған ісіне берілгені, өз міндеттеріне адалдығы және жоғары мұраттарға сенімі үшін ерекше алғыс айтқым келеді.

Құрметті мемлекеттік басқару жүйесінің қызметкерлері!  Осы мерекелі күндесіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жасап жатқан барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін!

Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар