Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «Көкшетау» мәдениет сарайында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиынға қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, адам жанының арашашысы – дәрігерлер еңбегін жоғары бағалады және сала үздіктеріне сый-сияпат жасады.
Салтанатты шараға медицина қызметкерлері, ұзақ жылдар бойы осы салада үздіксіз еңбек еткен қауым көптеп жиналды.
− Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Өмірде екі ерекше мамандық бар, бірі ұстаз, бірі дәрігер мамандығы. Қазақ халқы «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Жан жылуымен, адамға деген ілтипат ниетпен қызмет атқарып жүрген дәрігерлеріміз өте көп. Адамның денсаулығы коғамның жеке байлығы, ал, дені сау қоғамның болашағы жарқын екені сөзсіз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт денсаулығын ел дамуындағы басты басымдықтардың бірі ретінде белгіледі. Сондықтан, сапалы және қолжетімді медициналық қызметденсаулық сақтау саласындағы негізгі міндет болып қала береді. Бүгінгі таңда облыс тұрғындары560-қа жуық медициналық ұйымда 2000-ға жуық дәрігер және 12 мыңнан астам орта және кіші буын медицина қызметкерлеріненкөмек алуда. Ақ желеңді абзал жандар кез-келген уақытта көмекке келуге дайын болып қана қоймай, сонымен бірге, біздің халықтың тарапынан шынайы жанашырлық пен моральдық қолдауға ие болуы керек, − деді Ермек Маржықпаев.
Сонымен қатар, облыс әкімі денсаулық сақтау саласына талай жылдарын арнаған медицина ардагерлерінің рөлін ерекше атап өтті.
− Медицина саласына баға жетпес үлес қосқандарды да құттықтағым келеді. Олардың ішінде облыстың құрметті азаматы Болат СүлейменұлыЖанәділов, Баян Сейілханқызы Ысқақова және басқалары бар. Бүгінгі мерекелік шарағажиналғандардың көбі сіздерден тәлім алған оқушыларыңыз. Заманауи білім тәжірибесіне негізделген керемет дәстүрлер біздің аймақтың алдында тұрған жаңа ауқымды міндеттерді шешуге көмектеседі,− деді бұл орайда өңір басшысы.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесінде оң өзгерістер байқалады. Көптеген медицина ұйымдары салынып, заманауи жабдықтар сатып алынуда. Медицина қызметкерлерінің жалақылары өсіп, халыққа көмек көрсету сапасы жақсарып келеді. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жылдан-жылға артуда. Ағымдағы жылы бұл саладағы бюджет шығыстарының көлемі 26 пайызға ұлғайды. Былтыр медициналық қажеттіліктер үшін 600-ден астам жиһаз сатып алынды. Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың инфрақұрылымдық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Соңғы үш жылда алты жаңа денсаулық сақтау нысаны жоғары сапалы жабдықтармен қамтамасыз етілді. Медицина саласына қатысты жақсы жаңалықтардың бірі осы аптада 600 орындық көпсалалы аурухананың құрылысының басталуы болып табылады. 2025 жылдың соңына қарай аталмыш нысан құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жақсарту» ұлттық жобасы қабылданып, бірқатар медициналық нысандардың құрылысы қолға алынуда. Мемлекет тарапынан облыс медицинасын жақсарту үшін барлық жағдай жасалуда. Медициналық кадрларды ынталандыру мақсатында бірқатар шаралар қабылданып жатыр. Биыл «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 39 жас маман 14 миллион теңге сомасында көтермеақы алды. Жыл басынан бері аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда жұмысқа орналасқан жас мамандар үшін көтерме жәрдемақы сомасын1,5 миллион теңгеге, ал, ауылдық жерлерге жұмысқа тартылатын жас дәрігерлер үшінқаражат мөлшерінолардың мамандықтарына байланысты 2,5 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды.
Жиын барысында өңір басшысы бір топ медицина қызметкерлері мен ардагерлеріне халықтың денсаулығын сақтау ісіне қосқан ерекше үлестері және ұзақ жылғы еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» төсбелгілерін және «Еңбек ардагері»медалін тапсырды.
− Бүгінгідей қуанышты күні әріптестерімді төл мерекелерімен құттықтағым келеді. Еңбек ардагері ретінде мен жас мамандарға өз жұмыстарында үлкен белестерді бағындыруды тілеймін. Сіздер өмір бойы мақтан тұтатын керемет мамандықты таңдадыңыздар, − деді өз сөзінде облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының аға дәрігері Тамара Мусина.
Салтанат барысында медицина қызметкерлеріне естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді. Іс-шара облыстың шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концертке ұласты.
Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.