Орман және дала өрттері адамның қатыстылығынан орын алуда

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Лашынтай Дүйсенов жаз мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі жөнінде кеңінен баяндап берді.

 Ақмола облысында өрт қауіптілігінің жоғары класы сақталуда, осыған байланысты ормандарға бару және оларға көлік құралдарымен кіру мүмкіндігі шектеулі. Брифинг барысында ағымдағы жылдың облыс аумағында 33 табиғи өрт оқиғасы тіркелгені жөнінде белгілі болды, оның ішінде 32 орман, бір дала өрті орын алыпты. Көп жағдайда орман өрттерінің негізгі себептері адам факторы болып табылады.

− Облыста табиғи өрттердің саны 27 пайызға өсті. Оның негізгі себебі ретінде адам факторын айтуға болады,− деді Нұрлан Атығаев.Спикер адамдардың жауапсыз мінез-құлқы өртті сөндірудің сәттілігіне тікелей әсер ететінін және сөндіруге қатысушылар үшін жиі елеулі проблемаларға әкелетінін атап өтті.

− Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Статистика көрсеткеніндей, өрттер көбінесе адамның немқұрайлылығына яғни, қараусыз қалған оттар, тасталған темекі тұқылдары, сіріңкелер, сондай-ақ, әйнектің қалдықтарына байланысты. Бүгінгі күні департамент табиғи өрттерге жедел ден қою мақсатында құрамында 105 адам және 10 техника бар жиынтық жасақ құрды. Олар тәуліктің кез-келген уақытында табиғи өрттерді жоюға шығуды жүзеге асыруға дайын, − деп тарқатты Нұрлан Атығаев.

Биылғы жылы  департамент өрт қауіпі мол маусымға 230 техника дайындады. Оның ішінде 120 негізгі, 32 арнайы және 78 қосалқы, оған қоса,жою жоспарына сәйкес ірі табиғи өрттер туындаған жағдайда азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдары әзірленді.

− Облыс азаматтары мен қонақтарына орман қорында өрт қауіптілігінің жоғары класы сақталатынын еске салғым келеді, осыған байланысты ормандарға бару және оларға көлік құралдарымен кіру мүмкіндігі шектеулі.

Есіңізде болсын, орман өрттерінің салдары экономикалық тұрғыдан маңызды зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар, экологияға ауыр зардаптар әкеледі. Атап айтқанда, адамның кінәсінен табиғи өрттер туындаған жағдайда қолданыстағы заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген, − деді брифингте Лашынтай Дүйсенов.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар