Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

 Құрметті ақмолалықтар!

Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Домбыра – рухты, мінезді және қазақ ұлтының тарихын бейнелейтін аспап. Бұл бүкіл Ұлы Даланы үнімен біріктіретін әдемі де жанымызға жақын, біздің көне музыкалық аспаптарымыздың бірі.

Домбыра ежелден қуаныш, жеңіс сыйлап, бізге серік болып келеді. Сан ғасырлар бойы оның қос ішекті үнін тамашалап келеміз, ал, бала кезден таныс күй әуендері қазақ халқының мәдени құндылықтарын, салт-дәстүрін, батырлық ертегілерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Домбыра – ұлтымыздың нағыз бойтұмары әрі қорғаны». Қазаққа тән бекзаттық пен жомарттық әндеріміз бен күйлеріміздің үнінен де табылады.  Ал, бүгінде домбыраның үні әрқайсымызға тербетілген бесіктей қымбат әрі жақын болып кеткендей…

Ұлттық музыкалық аспабымыздың әлем жұртшылығы мойындаған мәдени мұра нысаны екенін мақтан тұтамыз. Осы баға жетпес байлықты қорғап, атадан-балаға аманат ету – әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.

Әсіресе, осынау сүйкімді аспапта ойнауды үйрену үшін жыл өткен сайын домбыраға деген қызығушылық, үйірмелерге, музыкалық мектептерге жазылатын жастар қатары көбейіп жатқаны қуантады.

Баршаңызды Домбыра күнімен құттықтаймын! Шаттық пен бақыттың жарқын әуендері әр шаңыраққа толсын!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Қымбатты жерлестер!

Ақмола облысының депутаттық корпусының атынан сіздерді Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің елімізде бесінші жылды атап өтілетін мереке рухани жаңғыру бағытын, сондай-ақ ұлттық дәстүрлеріміздің терең мәнін білдіреді.

Қазақ халқының өзіндік мәдениеті мен өнерін домбырасыз елестету мүмкін емес. Осы ежелгі аспаптың дыбыстарында біз ғасырлар бойғы тарихымыздың бастауларын және ұлы көшпелі халықтың шежіресін естиміз. Домбыра – біздің ұлтымыздың, оның бірегейлігі мен ерекшелігін білдіретін бойтұмар.

Домбыра әуендері әрқайсымызға жақын және түсінікті, өйткені, қазақтар мен домбыра бір-бірінен ажырамайды. Домбыраның көмегімен біздің халық қуаныш пен қайғы-қасіретті, сағыныш пен мұңды, таңданыс пен қуанышты музыкалық шығармалар мен күйлерге сезімдер мен эмоциялардың барлық спектрін енгізе алды.  Барлық уақытта домбырада шын жүректен орындалған күй ұлттық рухты көтеріп, күш пен сенімділік берді. Бүгін біз ұлттық музыкалық аспаптың әлемдік қауымдастық мойындаған мәдени мұраға енгенін мақтан тұтамыз.

Сондай-ақ, біздің көркемөнерпаздар мен кәсіби әртістерге дәстүрлі қазақ музыкасын орындайтын импровизатор-ақындар мен музыканттарға домбыраны  дәріптеуге қосқан үлесі үшін ерекше алғыс айтқым келеді.

Ақмола облысының барлық тұрғындарын осы тамаша мереке – Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Әр үйде домбыра ең құрметті орынға ие болып, біздің өмірімізді Ұлы Даланың қайталанбас нақыштарына  толтырсын!

 Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар