Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Форум- депутаттар жұмысына тың серпін берді ! - АРҚА АЖАРЫ

Форум- депутаттар жұмысына тың серпін берді !

Еліміздің  тарихында алғаш рет өткен барлық деңгейдегі мәслихаттардың 2,5 мыңнан астам депутаты ортақ міндеттер мен алдағы жұмыс бағыттарын талқылап қана қоймай, тиісті министрге, орталық мемлекеттік орган  басшыларына  маңызды сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.

Форум аясында   11 панельдік сессия өткізіліп, оған «АМАNАТ» мүшелері болып табылатын барлық деңгейдегі мәслихаттардың 2,5 мың депутаты қатысты. Ақмола облысынан 180-нен астам депутат қатысты.

Мәселен, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровпен кездесуде депутаттар мамыр айында 15,9 пайызды құраған инфляция өсімі мәселесіне тоқталды. Министр сондай-ақ әкімшілік реформа және бюджеттік қатынастар мәселелерін де айтып өтті.

Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кездесуде форум делегаттары ерекше қажеттіліктері бар адамдарды санаторийлерде оңалту мәселесін көтерді.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың қатысуымен өткен панельдік мәжілісте депутаттар қазіргі стандарттар бойынша халқы 150 мыңнан аз қалаларда   травматологиялық пункттер ашу мәселесін көтерді. Мәдениет және спорт министрі А.Ораловтың, Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлінің қатысуымен өткен панельдік отырыстар өте қызықты әрі тартымды болғандығын атап өткен жөн.

Сондай-ақ форумның пленарлық бөлімінде партия төрағасы Ерлан Қошанов «АМАNАТ»-тан келген мәслихат депутаттарына арналған мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұратынын атап өтті. Айта кетерлігі, мұндай кездесулер өңірлерде не болып жатқанын білуге ​​және көптеген өзекті мәселелерді талқылауға тамаша мүмкіндік береді. «АМАNАТ» партиясы мәслихаттары депутаттарының бірінші форумы осыны нақтылауға мүмкіндік берді.

Берген Беспалинов
«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар