Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жарты жылда ел экономикасы 5% өсті - АРҚА АЖАРЫ

Жарты жылда ел экономикасы 5% өсті

– Биылғы бірінші жартыжылдықтың қортындысы бойынша, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5% құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында баянда-ды.

«Биылғы бірінші жартыжылдықтың қортындысы бойынша, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5% құрады. Оның ішінде нақты сектор 4,8%, қызмет көрсеу саласы – 4,9% өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалды. Әсіресе құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті», — деді миинстр.

Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 13%, инвести-циялар ағыны көлік және қоймалауда – 57%, саудада – 32%, ауыл шаруашылығында – 22%, білім беруде – 21,5% сондай-ақ өнеркәсіпте – 10,9%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібін-де – 11,4% өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында байқалды.

«Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда тауар ай-налымы 8%-ке өсіп, 55,8 млрд долларды құрады. Экспорт 31,6 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 3,8%-ке ұлғайып, 10,2 млрд долларға жетті. Тауар-лар импорты 24,2 млрд долларға жетті. Жалпы, оң сауда балансы 7,4 млрд долларға тең», — деді Әлібек Қуантыров.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар