Баяғыда бір данышпан ұлына үш өсиет айтыпты:
- Жесең ең дәмді тағамдарды же;
- Ұйықтағанда ең рахат төсекте ұйықта;
- Өмір сүрсең ең бай болып өмір сүр, – депті.
Ұлы әкесінен:
– Әкетайым, ең дәмді тағамды қайдан табамын?
– Адал жолмен тап. Қарның ашпастан тамақ жеме. Қарның қатты ашса, қалаған тамақ дәмді болады;
– Ең жұмсақ төсекті қайдан аламын?
– Еңбекқор бол! Қатты шаршасаң саған қалаған жер жұмсақ төсектей рахат болады;
– Қалай бай болайын, деген соңғы сұрағына, әкесі:
– Басқалардың дүниесіне тамсана қарама, өзіңнің мүлкіңе қанағат жаса. Сол кезде сенен бай адам болмайды, балам- деп жауап қатыпты.