Жауапкершілік жүгі ауыр сала

Мемлекеттік қызмет бұл – халықтың сенімін ақтаумен қатар, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам басқан мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметші екені белгілі. Сондықтан да, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – мәртебелі міндет деп санаймын.

Мемлекеттік қызметшімемлекеттік биліктің айнасы секілді. Халық сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды деп ойлаймын. Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң шеңберінде шешуі тиіс.

Мемлекеттік қызметте негізінен, азаматтардың білімі мен біліктілігі өте маңызды рөлге ие. Себебі жан-жақты, білімді, жауапкершілігі мол қызметші өз жұмысын тиянақты атқарып қана қоймай, тұрғындар тарапынан болған сыни көзқарастарға, ұсыныс-талаптарға сауатты әрі нақты жауап бере алады.

Мемлекеттік қызметті адал атқару қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайта түспесе, кемітпейді. Бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелердің жақсы жағынан шешілуі мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне тікелей байланыстыекені анық.

Мемлекеттік қызметті атқару сол қызметшіге қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Мемлекеттік қызметші өзінің функционалдық міндеттерін мінсіз орындау арқылы ел азаматтарының мемлекеттік қызметке деген сенімін арттырып, өз іс-әрекетімен сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерінің алдыналуға және қоғамда оған қарсы мәдениетті қалыптастыруға күш салуы керек. Мемлекеттік қызметші – билік пен қарапайым халықтың арасын жалғайтын алтын көпір. Оған лайық болуы үшін қызметшінің бойында кәсіби біліктілігінен бөлек адами құндылығы да жоғары болуы тиіс.

Демек, бұл жауапты қызметте жүрген әрбір адам осыны есінен шығармай,  өз күнделікті  өмірінің басты қағидасы деп ұғынса құба-құп.

АйгерімШАЙМЕРДЕН,
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі
Ақмола облысы бойынша департаментінің маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар