Ашық есік күні өткізілді

 Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен ҚАЖД №64 мекемесінде сотталғандардың туыстары үшін Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараны өткізудің басты мақсаты – сотталғандардың туыстары мен мекеме әкімшілігі арасында сенімді қарым-қатынас орнату, пенитенциарлық процеске ашықтық қағидатын енгізу.

Кездесу барысында сотталғандардың туыстары мекеменің тұрмысымен, колонияның ішкі тәртіп ережелерімен, жазасын өтеу шарттарымен, еңбек қызметімен, шығармашылық және спорттық өмірімен, тәрбие іс-шараларымен танысты.

Жақындарымен араласу жазасын өтеушілерге өз өткенін түсінуге және өздері үшін келер күндерге дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік береді деген сенім бар.

Астана қаласының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар