Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлік болса, алынбайтын асу жоқ - АРҚА АЖАРЫ

Бірлік болса, алынбайтын асу жоқ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІІ сессиясында бейбітшілік пен келісімнің мемлекеттік идеология ғана емес, сонымен бірге, қоғамдық және жеке өмірдің, еңбек етудің құрамдас бөлігі ретінде де қабылдануы тиіс екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл құр ұран емес, керісінше, әр азаматтың күнделікті ұстанған көзқарасы болуы керек. Осы құндылықтардың қадірін біліп, құрметтеудің арқасында біздің халық бейбіт өмір сүріп келеді. Өйткені, бірлік бар жерде ғана толыққанды өмір болатындығы түсінікті.

Біздің қоғамның осы бірлігі мен тұтастығын нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының ерекше рөл атқарып келе жатқандығын баршамыз жақсы білеміз. Неге десеңіз, Ассамблея қасиетті қазақ жерінде тұратын барлық этностарды біріктіреді.

Әлемнің әр нүктесінде әскери қақтығыстар орын алып жатқан қазіргідей беймаза заманда бір-бірімізді тыңдау, дау-дамайларды әсіре көңіл-күй мен негізсіз қызбалыққа салынбай, халықаралық құқық және жалпыға ортақ азаматтық нормалар шеңберінде шешу – басты міндет.

Осындай жағдайда байыпты көзқарас ұстанып, ешкімге бұра тартпай, сарабдал саясатқа жүгініп отырған біздің мемлекетіміздің бағыты өзін ақтай түсуде. Өйткені, ел азаматтарының мүддесі, көп ұлтты республикамыздың тағдыры, тәуелсіздік мұраты әрқашан бәрінен жоғары тұруы тиіс. Соны  басты орынға қойсақ, ұпайымыз түгел болмақ.

Ольга ЛЯН,
«Чинсон» кәріс мәдени орталығы»
 қоғамдық бірлестігінің төрайымы.    

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар