Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шаруалар үшін таптырмайтын техника - АРҚА АЖАРЫ

Шаруалар үшін таптырмайтын техника

Сандықтау ауданы Владимировка ауылының тұрғыны Валерий Взникин бағасы арзан әрі көпфункциялы шағын тракторға қол жеткізген.

Ол бұлтехниканыинтернетпеніздеу арқылыПавлодардан сатып алады. Өйткені, трактордың Қытайда шығарылған баламаларын алайын десе, бағасы тым қымбат әрі ақау шықса, қо­сымша бөлшектерін іздеп табу қиынға соғады. Сол себепті, қозғалтқышы мен конструкция­сы қара­пайым көлік қазіргі күні қора-жай­дағы малды жайғауда, ауладағы қарды тазалауда таптырмас техника болып тұрғаны сөзсіз.

– Трактор өте шағын, кез-келген ғимараттың есігінен еніп кетеді. Жақтауы да мықты, ауыр жүктерді көтере береді. Үй маңындағы жұмыс­тар­ды оның көмегімен тез атқарып шығамын. Малдың астынан шыққан тезекті аулақ­қа апарып төгу, қар тазалау, шөп тасу шаруаларының барлығы осы трактордың көмегімен атқарылады. Бір жақсы­сы, қытай­лық трак­торлардағы секілді күр­делі гидро­мотор, түрлі қымбат резең­келер мен техникалық шлангілер мұнда жоқ, қарапайым жүйе орнатылған. Бөл­шек­тері істен шықса, жаңасы базар­да арзан тұрады. Гидравликалық жүйе­сіне құйылатын техникалық май да қара­пайым әрі арзан екен, – дейді шаруа адамы.

Бұрын «Беларусь» тракторын тізгіндеген В.Взникин ауыл шаруашы­лығы үшін өте тиімді мұндай отандық көлік­терді сатуға мемлекеттің өзі мүд­делі болуы керек деп есептейді. Үкі­мет шетелден келетін техниканы сатып алуға миллиондап субсидия тө­легенше, осындай бағасы арзан отан­дық құралдарға басымдық бергені абзал. Шаруалар үшін мұндай техника таптырмас мүмкіндік.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар