Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүгедектігі бар адамдар үшін 475 нысан бейімделді - АРҚА АЖАРЫ

Мүгедектігі бар адамдар үшін 475 нысан бейімделді

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету шеңберінде Ақмола облысында 667 әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бейімделген. Оның ішінде 475 нысан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай бейімделгенін айту керек.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының Жол картасы және 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында ел аумағында бейімделуі тиіс 22 мың басым нысан анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын4400 нысан осындай талапқа сай келуі қажет болса, биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 9 128 нысан бейімделді.

Ақмола облысында 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1294 объектіні бейімдеу көзделген. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған
776 нысанның 667-інде жергілікті атқарушы органдар бейімдеу шараларын жүргізді.

Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген бақылаудан кейін жоғарыда аталған нысандардың ішінен 475 объектінің толық бейімделгені расталды.

Мәселен, өңірде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 104 мемлекеттік мекеме – 77 әкімдік, 13 жергілікті атқарушы органдардың басқармалары, 6 басқарма, 1 департамент, 2 аудандық сот, 5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы; 66 денсаулық сақтау нысаны – 13 аурухана, 7 емхана, 1 медициналық пункт, 31 дәрігерлік амбулатория, 5 дәрігерлік амбулатория, 9 медициналық пункт, 171 білім беру нысаны – 35 мектеп, 13 балабақша, 14 колледж, 2 түзету кабинеті, 2 музыка мектебі, 4 университет ғимараты, 1 оқу-өндірістік комбинаты; 52 мәдениет нысаны– 27 мәдениет үйі, 3 мұражай, 2 мұрағат, 4 кітапхана, 1 театр, 1 демалыс орталығы, 12 ауылдық клуб, 2 шығармашылық үйі; 9 спорт нысаны – 1 спорт сарайы, 8 спорт мектептері мен кешендері; 73 қызмет көрсету саласының басқа нысандары – 10 банк филиалы, 11 халыққа қызмет көрсету орталығы, 5 пошта бөлімшесі, 21 сауда үйі, дүкендер, 9 дәріхана, 1 стоматология, 5 вокзал және тағы басқалары қол жетімді.

192 нысан – 36 есту қабілеті бұзылған адамдар үшін, 111 көру қабілеті бұзылған адамдар үшін, 42 тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін, 87 кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін  ішінара бейімделген деп танылды. Олар бойынша 376 бұзушылық анықталды.

Жергілікті атқарушы органдарға бейімдеу іс-шараларын аяқтау мақсатында анықталған ескертулерді жою бойынша ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін тағы 109 объектіні бейімдеу жоспарлануда.

Сонымен қатар, департамент мемлекеттік бақылау аясында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына 32 тексеру жүргізді, оның ішінде 25 профилактикалық бақылау, өтініш негізінде және тапсырмалардың орындалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс 7 тексеру жүргізілді.Тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 25 ұйғарым берілді, сонымен бірге, 2,4 миллион теңгеден астам сомаға 2 әкімшілік айыппұл салынды.

Нысандардың меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде жоғарыдағыдай бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар