Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыз су, жол мәселелері қатар шешілуде - АРҚА АЖАРЫ

Ауыз су, жол мәселелері қатар шешілуде

Жарқайың ауданының орталығы Державин қаласында ауыз сумен қамту жүйесін қалпына келтірудіңүшінші кезеңінің жұмыстары жалғасуда.

Бұл туралы Жарқайың аудандық мәслихатының хатшысы Асылхан Әлжановайтып берді. Мұндағы мердігер ұйым «Байсын-А» ЖШС-ның қолға алуыменқұрылыс жұмысы 2021 жылдың мамыр айында басталған. Жұмыстың аяқталуы 2023 жылдың қараша айына жоспарланған. Бұл жұмыстардың белгіленген жоспардан аздап қалып келе жатқанымен, сумен қамту жүйесінде қиыншылықтар еңсеріліп, мерзімінде қалпына келтірілетініне үміт баршылық.

Сондай-ақ, ауданның Отрадный ауылдық округіндегі осы аттас ауылда жүргізіліп жатқан жұмыстарда ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Биылғы жылы ауыліші жолдары жөнделуімен қатар, осы ауылда жүргізіліп жатқан тағы үлкен жобалардың бірі, ол негізгі мектептеқолға алынған күрделі жөндеу жұмыстары. «AMANAT» партиясынан Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттары Раймбек Мұқанов пен Александр Демьяновтың демеушілігімен аталған мектепке былтыр жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып, биылғы жылдың бюджет жобасына енгізілген көрінеді. Нәтижесінде облыстық бюджеттен 103 миллион теңге қаржы бөлініп, оны игеруді «ГрадСтройСервис» ЖШС ұтып алған. Шілде айында басталған жөндеу жұмыстарын қазан айында аяқтау жоспарланған. Осы аралықта мектептің шатырын, терезелерін, есігі мен еденін ауыстыру қажет.

Осыған орай, ауыліші жолдарын жөндеу тұрғысында да айта кеткен жөн. Бұл жолдың сапасын қатаң қадағалау керектігін бұрынғыАқмола облыстық мәслихатыныңхатшысы Талғат Жүнісов былтыр ауданға барған жұмыс сапарында да ауылдық округ әкіміне тапсырған. Өз кезегінде аудан әкімі жергілікті қауымдастық және аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп, жол құрылысының сапасына бақылау жүргізіліп жатқанын айта келе, одан басқа да материалдар сапасына сараптама жүргізу жөнінен жол сапасы орталығымен келісім-шарт жасалғанын да жеткізген. Қазір сол қағида сақталып, жөндеу жұмыстарының қарқыны мен сапасы қатар ескерілуде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар