Абай күніне орай Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұжымы Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейімен онлайн экскурсия өткізді.
Игі шараның мақсаты – қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл, кемеңгер Абайдың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Бүгін барша халқымыз үшін мәні терең, мәртебесі биік мереке. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың баға жетпес мұрасын насихаттау ел жастарына ұғындыру біздің азаматтық парызымыз болып табылады. Себебі, Абай Құнанбайұлы әлемдік деңгейдегі ұлы тұлға.
ZOOM платформасы арқылы жүргізілген іс-шараға Ақмола облысының ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары C.Кенжебаев және мекеме қызметкерлері, басқарма жанындағы Орталықтардың және облыс аудандарының қызметкерлері, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы» жанындағы «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ азаматтық бастамаларды дамыту бөлімінің мамандары қатысты.
Шара барысында Абайдың туып-өскен ортасы, балалық шағы, ақындық жолы, сол замандағы араласқан белгілі адамдар, өзі пайдаланған тұрмыстық заттары және жерленген жері туралы толық мәлімет берілді.
Музей қызметкерлері ақынның әдеби мұрасы жинақталған 6 залдағы экспонаттарды таныстырып, әр жәдігерге толықтай тоқталды.
Бүгінгі өткізілген тағылымды шарадан қатысушылар жақсы әсер алып, Абай атамыздың әлеміне саяхат жасады.