Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Салық қоржыны толыққан сайын өңірдің жағдайы да жақсарады - АРҚА АЖАРЫ

Салық қоржыны толыққан сайын өңірдің жағдайы да жақсарады

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады.Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, халықтың құқықтық білімін арттыру, бюджетке түсетін салық түсімдерін бақылау – мұның бәрі мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеттері. Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері де бұл міндетті орындауға өздерінің лайықты үлестерін қосуда.

Салық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, цифрландыру менжаңа жұмыс тәсілдерінеарқа сүйеудің нәтижесінде ағымдағы жылдың 7 айында мемлекеттік бюджетке 396 миллиард теңге қаржы түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 215 миллиард теңгеге артық. Өсу қарқыны байқап отырғандарыңыздай, 220 пайызды құрады.Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерді анықтау нәтижесінде 23,7 миллиард теңгеден астам салық және басқа да төлемдер қамтамасыз етілді.Департаменттің кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 8 мың 868 тауар декларациясы ресімделді, оның ішінде декларациялардың 73 пайызы жасыл дәлізде, яғни, лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылды.Жыл басынан бастап 515  мың  мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 99,6 пайызы электронды түрде көрсетілгенін атап өткен жөн.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша салықтық міндеттемелерді орындауды жеңілдету мақсатында «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business» тегін мобильді қосымшаларәзірленді, олар бірқатар салықтық процедуралардың жеңілдетілуіне жағдай туғызды.

«E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының функцияларына салық берешегін тексеру, салықтарды банк бөлімшелеріне бармай төлеу және комиссиясыз төлеу, жалпыға бірдей декларация шеңберінде активтер мен міндеттемелертуралы декларацияны, жолаушылардың кедендік декларациясын және басқа да декларацияларды тапсыру,тағы сол сияқты қызметтер кіреді.

«E-Salyq Business» қосымшасының функциялары жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға, салық және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге және оңайлатылған декларацияның тиісті жолдарын толтыруға мүмкіндік береді.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер «e-Salyq Business» мобильді қосымшасының пайдаланушылары бола отырып, патент құнының есеп-қисабын ұсынудан және табыс алғанға дейін алдын ала салық және әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылады.

Халыққа салық және кеден мәселелерін түсіндіруге, хабардарлықты арттыруға және кері байланыс орнатуға жедел көмек көрсету мақсатында Telegram-да SalyqBot чат-бот енгізілді. SalyqBot – қазақ және орыс тілдерінде әзірленген және өте пайдалы мүмкіндіктері бар цифрлық салық кеңесшісі.Пайдаланушыға салық берешегінің бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты лезде ұсынуға мүмкіндік береді, салық төлеушілерге көлік құралдары салығын және өсімпұлды дербес есептеуге көмектеседі, қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға жағдай жасайды,
жеке немесе заңды тұлғаның қызығушылығына қарай пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды жіберуге де қабілетті.Департаментте  1414 қосымша нөмірлі үш байланыс орталығы жұмыс істейді, онда салық төлеушілер өздерінің берешегін, есептелген төлемдерін, салық есептілігін уақытылы және дұрыс тапсыру, төленген сомаларды қайтару және есепке алуды іске асырып, өздерін қызықтыратын басқа да сұрақтарды біле алады.Салық заңнамасы адал салық төлеушінің мүдделерін қорғауға, экономиканың әртүрлі салаларын ынталандыруға бағытталған.Қазақстанда бизнесті жүргізуге барлық қолайлы жағдайлар жасалған, төмен тарифтік режимдер қарастырылған.

Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2023 жылдан бастап ретроспективті түрде бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің қолданылуы жаңартылды.Пандемия кезінде бұл салық экономиканың зардап шеккен салаларында 114 қызмет түріне  уақытша енгізілген еді.Енді рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі 190 қызмет түрін қамтиды.2023 жылғы табыс 600 000 айлық есептік көрсеткіштен 2 миллиард 70 миллион теңгені құрады.Осының шегінде кәсіпкер қосылған күн салығын төлеуші ​​болып табылмайды, бұл бұрын бизнестің бөлшектенуінің басты себебі болды.Бөлшек салық ставкасы 4 пайыз. Бұл ретте, жергілікті өкілді органдардың бөлшек салық ставкасының мөлшерін 50 пайызға, яғни, 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетуге құқығы бар.Бүгінгі таңда бұл режимге 132 кәсіпкер көшкен.

«Салықтар  өркениетті қоғамда өмір сүру мүмкіндігі үшін төлейтін құнымыз» демекші, салықтық және кедендік төлемдерден түсетін табыстың арқасында азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелер ойдағыдай орындалуда.

Облысымызда ауруханалар, мектептер, балабақшалар, жолдармен тұрғын үйлер салынып жатыр.Мұның барлығы мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының да еселі еңбегінің нәтижесі.Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі, кәсібилігі, шынайы азаматтық ұстанымы ел Президенті белгілеген барлық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты әріптестер!

Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облысы бойынша
мемлекетттік кірістер департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар