Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көрсеткіштер одан әрі жақсаруы қажет - АРҚА АЖАРЫ

Көрсеткіштер одан әрі жақсаруы қажет

 Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кезекті отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ, жаңа жылыту маусымына дайындық туралы өзекті мәселелер талқыланды.

−Жалпы, біз көріп отырғанымыздай, облыс барлық көрсеткіштер бойынша елімізде жетекші орынға ие. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі бізде 15 пайыз, ауыл шаруашылығы саласы 4 пайызды құрады, инвестиция көлемі 12 пайызға, құрылыс көлемі 24,5 пайызға өсті. Тұрғын үй құрылысы, сауда салалары өздерін жақсы жағынан көрсетуде,−деп атап өтті облыс әкімі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев металлургияда өңделмеген алтын өндірісінің өсуі тіркеліп, машина жасауда 10 және одан да көп адамды тасымалдауға арналған автомобильдер, сондай-ақ, астық жинайтын комбайндар мен басқа да техникалар өндірісінің көлемі өскендігін егжей-тегжейлі  баяндады.  Өсімдік және сары май, ет және сүт өндірісі артты. Алайда кейбір аудандарда негізгі көрсеткіштер бойынша төмендеу байқалады.

−Әлсіз жұмыс, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев артта қалған өңірлердің әкімдеріне қарата сөйлеген сөзінде. − Көрсеткіштерді жақсарту керек, егер бір кәсіпорында проблемалар туындаса, басқалары жұмыс істеуі керек…

Қанат Дүзелбаев атап өткеніндей, биыл облыста 300 миллиард теңгеге 246 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Дегенмен, әзірге тек 64 жоба іске қосылды. Олардың ішінде Макинск құс фабрикасының үшінші кезегі, Қосшы қаласындағы бетон бұйымдарын өндіру зауыты, Аршалы және Зеренді аудандарындағы жел электр станциялары бар.

Облыс әкімі Қосшы үшін бір жақсы жоба жеткіліксіз, жас қала өсу қарқынын арттыруы тиіс екендігіне баса назар аударды. Ол сондай-ақ, Степногорск қаласындағы «SARECO» серіктестігінің электролиттік марганец өндіру кәсіпорнын тезірек іске қосудың маңыздылығын атап өтті. Инновациялық өндіріс осы жылдың өзінде ашылуы керек. Оның өнімі қара және түсті металлургияда, сондай-ақ, аккумуляторлық батареяларды, электромобильдерді және жел электр станцияларын өндіруде қолданылатын жоғары таза марганец сульфаты болады. Бүгінде әлемде мұндай өндірістің аналогы тек Қытайда ғана бар…

Ауыл шаруашылығы саласы туралы айта келе, облыс әкімі бүгінгі басты міндет егін жинауда аграршылардың нақты және үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету  болып табылатынын атап өтті. Өңірлердің басшыларына сөз арнай отырып, ол саладағы құлдырауға жол берілмейтінін де еске салды.

−Көрсеткіштер жай сандар емес. Бұл адамдардың жұмыс орындары мен табыстары, салықтар, азаматтардың өмір сүру сапасы. Мәселені бақылауға алыңыздар, – деп тапсырды  Ермек Маржықпаев.

Жеке әңгіме облыс өңірлеріндегі жалақы деңгейіне қатысты болды. Қанат Дүзелбаевтың айтуынша, облыс еңбекақы мөлшері бойынша елімізде 15-орында тұр.  Ал, статистика деректеріне қарағанда әр түрлі аудандар тұрғындарының орташа жалақысы айтарлықтай өзгеріп отырады екен. Ермек Маржықпаев көптеген жеке компаниялардың қызметкерлерге «конверттерде» төлеуді жөн көретіндіктен, нәтижесінде бюджет салық алмайтынын атап өтті. Осыған байланысты, өңірлердің басшыларына жағдайды  шешуді тапсырды.

1 қыркүйек қарсаңында жаңа оқу жылына дайындық тақырыбы да қозғалды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан облыстың 44 мектебінің ішінен жұмыстар екеуінде аяқталып, қалғандарында 40-95 пайызға орындалғанын хабарлады. Жеті мектепте мердігерлер 1 қыркүйекке дейін жөндеуді аяқтап үлгермейді. Сондай-ақ, жақын маңдағы оқу орындарына балаларды тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері пысықталуда.

− Күрделі жөндеу бұл ауыр жұмыс, үш айдың ішінде оны толығымен жасау өте қиын, −деді Ермек Маржықпаев. −Биыл ғана 44 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, ал, жалпы 100-ден астам мектепті жөндеп жатырмыз. Басқа өңірлерде бір мезгілде барлығы 10-15 мектеп ретке келтіріледі. Біз жақсы қарқынмен келеміз. Бұл тек жөндеуге ғана емес, сонымен қатар, қазандықтарды шығару жұмыстарына, оқулықтар, жаңа модификацияланған кабинеттер, мектеп автобустарын сатып алуға да қатысты. Биылғы жылы білім беру саласының бюджеті 220 миллиард теңгені құрады, өткен жылға қарағанда 50 миллиард теңгеге өсті, ал үш жыл бұрын  бұл көрсеткіш екі есе төмен болды. Бұл білім сапасына ерекше көңіл бөлетінімізді көрсетеді.

Сондай-ақ, жиналыста алдағы жылу маусымына дайындық мәселесі  талқыланды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев атап өткеніндей, бұл жұмыстарға түрлі көздерден 27,6 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражаттың тек 37 пайызы игеріліпті.  Бірақ, жұмыс қарқыны жаман емес, өйткені бұл сомаға, басқалармен қатар, отын сатып алуға да қаражат салынған.

15 қыркүйекке дейін Біржан сал, Бұланды және Жарқайың аудандарынан бір  және Көкшетаудан төрт  нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 700-ге жуық жаңа абонентті жылытуға қосуға мүмкіндік береді. «Көкшетау Жылу» кәсіпорнының қысқа дайындығы 83 пайызды құрайды. Степногорск жылу электр орталығының  да бір қазандық агрегатына және ағымдағы бесеуіне күрделі жөндеу жүргізілді. Қаланың жылу желілерінің дайындығы 99 пайызды құрайды.  Облыстың энергетикалық желілері де қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындалуда. Жиында атап өтілгеніндей, жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде.

Талқылау қорытындысы бойынша облыс әкімі барлық объектілерді жылуға уақытылы қосуды қамтамасыз ету, өңірге көмірді уақытылы жеткізуді ұйымдастыру, штаттан тыс жағдайда қосалқы бөлшектер мен жабдықтар қорын құру  бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

−Уақыт өте аз. Жұмысты жалғастырыңыздар. Дайындық өз мерзімінде аяқталуы тиіс, − деп атап көрсетті Ермек Маржықпаев.

Владислава КОКОРИНА,
Ілияс ӘУБӘКІРОВ.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар