Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алдыңғы қатарлы дамыған ел, қуатты мемлекет болудың басты бағдары - АРҚА АЖАРЫ

Алдыңғы қатарлы дамыған ел, қуатты мемлекет болудың басты бағдары

Бүгін /1қыркүйек 2023 жыл/ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдау жариялады.

Президентіміздің бұл Жолдауы біздің алдыңғы қатарлы дамыған ел, қуатты мемлекет болудың өзекті әрі маңызды бағдары мен бағдарламасы деп қабылдадым!
Өйткені әлемнің бүгінгі дамуының қарама-қайшылықтары мен бұрын дамыған елдердің бір бірімен қырғи- қабақ ерегісуі және сол келіп қарулы қақтығыстарға ұрындырып, қалыптасқан, жұмыс істеп тұрған бұрынғы экономикалық және саяси жүйені ыдыратып, әлсіретіп жатқандығы дүниенің дамуын тежеп, кей жағдайда ауыр жағдайлар қалыптастырып отырғаны анық.

Тынышсыз әлемнің тынбай және тыншымай тұрған жағдайында Қазақстан бүгін және алдағы уақытта қалай дамуы керек?
Міне, барлық халқымызды ойландырып та, толғандырып та отырған осы алаң жайға Президентіміз толық жауап беріп, алдағы уақытта еліміздің экономикалық қуатын арттырудың ең өзекті деген, ең өміршең деген мәселелерді алға тартып, соларды шешудің нақтылы жолдарын да, шешілуге тиісті мерзімі мен уағын да нақтылы атап көрсетті.

Президентіміздің халықты толғандырып отырған және айтылып та жүрген жайды толық білетіндігіне көзім жетті.
Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың “халық үніне құлақ асатын мемлекет құру” саясатының алғашқы бір жемісі болса керек.
Бізді ойландыратын да, толғандыратын да, дедел қошға алып, жаппай кірісетін шаруа жетіп артылады.

Осы орайда Президентіміз халқымыздың тұрмысын жақсартудың және елімізді дамытудың барлық өзекті мәселесін үлкен жауапкершілікпен және шынайы жанашырлықпен қозғады. Тіпті толған айтты десе де болғандай!
Халықтың тұрмысын жақсарту керек пе? Керек әрине! Ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдете өңдеу, өнеркәсіп өндірісінің қуатын арттыру, Қазақстан өнімдерін әлемдік рынокқа шығару, банк-қаржы жүйесін жетілдіру, Суды ұқыпты жұмсау сияқты бүгінгі күннің күйіп тұрған осы мәселерін Жолдауда айта отырып, Президентіміз бұларды шешу үшін ғвлым мен ощық технолгияларды қолдану қажеттігін тағы да алға тартты.

Қазақстандық қоғамды біраздан бері алаңдатып, түрлі пікірлер туғызып жүрген Атом электр станциясын салу-салмау мәселесін Жалпыхалықтық референдум арқылы шешілетіндігі ақылға қонымды. Бұл жайлы қазақстандықтар өз ойларын анық айтатын болады. Бұл Мемлекет басшысының аса маңызжы әрі күрделі мәселеніғ барлығы да тек халықпен ақылдасып, халықпен келісіп жасаймыз деген Президенттік, Демократтық ұстанымына берік екендігін тағы бір дәлелдеп отыр.

Жолдауда айтылған әр мәселенің өзегінде біздің еліміз бен халқымыздың бүгіні мен болашағы, мына бүгінгі алаң дүниеде алаңсыз өмір сүріп, мемлекетімізді нығайтып, оның тұрақты дамып, қуатты мемлекет болуымыздың тарихи жолы айқындалып отыр.

Жабал Ерғалиев,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар