Зейін қойып, танысу үстіндеміз

 Бүгін бүкіл еліміз үшін ерекше күн! Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі болашағы – мыңдаған балалар мектепке барып, жаңа оқу жылын бастаған Білім күні.

Сондай-ақ, бүгін жылдағыдай 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда.

Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауымен бірге елімізге жылда халқымызды қуантар игі жақсылықтар мен соны жаңалықтар келетіндігі белгілі.

Сондықтан, дәл осы сәтте Ақмола облысында ақпараттық саясатты жүзеге асыруда белді құрылым болып табылатын «Ақмола-«Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бүкіл шығармашылық ұжымы, журналистері мен басқа қызметкерлері де бір кісідей теледидар алдына жиналып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жаңа Жолдауын үлкен ынта-ықыласпен тыңдап, мұқият танысу үстінде.

Еліміздің алдағы дамуына тың серпін беретін осы маңызды құжаттың жемісі мол болуына қаламдарымен мүлтіксіз қызмет ететін ұжым мүшелері бүгіннен бастап Жолдауды халық арасында кеңінен насихаттап, түсіндіруге, ондағы жақсы үрдістердің барынша ел игілігіне айналуына бар күш-жігерлерін аянбайтындығы анық. Осы мақсаттағы жұмысымыз қазірдің өзінен басталып кетті деп нық сеніммен айтуымызға болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.   

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар