Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Шумахер» ісіне соңғы нүкте қойылды - АРҚА АЖАРЫ

«Шумахер» ісіне соңғы нүкте қойылды

Қорғалжын ауданындағы неміс кәсіпкері Роберт Шумахердің жалға алған жерінің мерзімі 10 жылға дейін қысқартылды.

Еске сала кетсек, осыған дейін БАҚ-та Қорғалжын ауданында  27 мың гектар жер телімі Германия азаматының меншігінде екені туралы ақпарат тараған болатын. Осыған орай, талдау жүргізу барысында аудандық әкімдікпен шетелдік азаматтарға жер телімін ұсыну кезінде жалға беру мерзімі шамадан тыс ұзартылу сияқты жер заңнамасының нормалары бұзылғаны анықталды.
Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдармен осыған дейін қабылданған құқықтық актіге өзгеріс енгізу туралы шаралар қолға алынды. Жер заңнамасының нормасына сәйкес жерді жалға алу мерзімі 10 жылға дейін қысқартылды. Осылайша жоғарыда көрсетілген жер заңнамасын бұзушылық толық жойылды.
Сондай-ақ, айнала ор қазылып қоршалған 6 гектар жер теліміне қатысты істің де соңғы нүктесі қойылды. Осыған жол берген ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 339 бабының 2 тармағы, 1 тармақшасы бойынша жер қатынастары саласы бойынша заңнама актісінде қарастырылған жерді қорғау шараларын жүзеге асырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған заң бұзушылықты үш айдың ішінде жою туралы жазбаша ескерту жасалды.
 «Ақ құлын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  2009 жылдан бастап, аудандағы жаңа стандарттағы технологияны қолданатын іргелі ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші болып саналады. Шаруашылық жұмыс істегеннен бастап, Қорғалжын ауданында әр саладағы өндірісті дамыту үшін бірсыпыра инвестиция салып,  18 адамды жұмыспен қамтыған. Жыл сайын аудандық бюджетке аталған шаруашылықтан 14 миллион теңге көлемінде салық ретінде кіріс кіріп отыр.
Сонымен қатар, серіктестік аудан тұрғындарына қайтарымсыз әлеуметтік көмек көрсетуде. Облыстық Әділет департаментінің соңғы мәліметі бойынша «Ақ құлын» серіктестігінің құрылтайшысы Роберт Шумахердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын куәлігі бар.

Облыстық ішкі саясат басқармасының
өңірлік коммуникациялар қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар