Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрмыстық зорлық-зомбылық әлі де жиі болып тұрады - АРҚА АЖАРЫ

Тұрмыстық зорлық-зомбылық әлі де жиі болып тұрады

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Хұсайынов пен «Шанс» әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығының директоры Әсем Асайынова Ақмола облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу шаралары тақырыбында брифинг өткізді.

Олардың айтуынша, құқық бұзушыларға қарсы шараларды күшейтудің арқасында күнделікті өмірде қылмыс саны азайған.

− 19 мамырда отбасылық-тұрмыстық зорлық зомбылық үшін жауапкершілікті арттыратын түзетулер күшіне енді. Тұрмыстық қылмыстың өзі 80 пайыз жағдайда әлеуметтік факторлардың әсерінен болатын құбылыс.  Осының барлығы отбасының әл-ауқатына әсер ететін табыстың аздығы, жұмыссыздық және маскүнемдіктен шығады.Бүгінгі күні біз күнделікті өмірде жасалатын барлық заңсыз әрекеттердің екі негізгі себебін анықтадық.  Оған жұмыссыздықжәне алкогольді асыра пайдалану фактілері жатады. Дегенмен, бұған төтеп беру үшін тек полицияның әрекеті жеткіліксіз. Бұл жерде профилактиканың барлық субъектілері бірігуі керек, − деді Ерболат Хұсайынов.

Бүгінгі таңда құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Егер бұрын соттар бір тәуліктен бес тәулікке дейін қамауға алумен шектелсе, түзетулер күшіне енген кезде тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған кінәліге ескерту беріледі немесе бес тәулікке, қайта агрессия жасаған жағдайда 10 тәулікке қамауға алынады.Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 2 024 қылмыстың ішіненжұмыссыздар  616 қылмыс жасады және оның 481-і мүліктік сипатта. Бұл ретте, арнайы комиссия жұмысы кезінде 153 жұмыссыз адам алкогольдік масаң күйде болғаныанықталды. Сонымен қатар, жұмыссыздар 9 аса ауыр қылмысты мас күйінде жасады.

− Қылмысты азайту үшінучаскелік инспекторлар 205 мас адамды наркологиялық ұйымға орналастырды. Айта кету керек, көбінесе полиция кеткеннен кейін отбасындағы жанжал жалғасады және кейде бұл одан да ауыр зардаптарға әкеледі. Ұсынылып отырған түзетулер  ендігі арада жәбірленушілердің шағымынсыз  әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік береді. Хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камераларының жазбалары мен бейнетіркегіш жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот шығарады, − деп қосты өз сөзін Ерболат Хұсайынов. Сондай-ақ, брифинг барысында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Әсем Асайынова  «Шанс» орталығының қызметі және  тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерге қандай көмек көрсететіні жөнінде айтып өтті.

− 2022 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты 70 мыңнан астам шағым тіркелген еді. Біздің орталық жайлы айтатын болсақ, биылғы жылдың басынан бері мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған 16 қыз бен 35 бала көмек алды, қазір де орталықта 7 әйел мен 15 бала тұрады. Өкінішке орай, осы қиын өмірлік жағдайға тап болған қыздар әлі күнге дейін орталыққа көмек сұрап келеді. Орталықтың негізінде біз құқықтық мәселелерге, оның ішінде, алимент өндіру, некені бұзуға құжаттарды рәсімдеу, атаулы әлеуметтік көмекті тіркеуге, сонымен қатар, басқа да құқықтық мәселелерді шешуге көмектесеміз. Біз, сондай-ақ, жәбірленушілергепсихологиялық көмек пен әлеуметтік қызмет көрсетіп, жұмысқа орналастырамыз және баспана табамыз, − деді өз сөзінде Әсем Асайынова.

Сапалы және кәсіби көмек алу үшін орталықта заңгер жұмыс істейді. Ол тікелей құқықтық мәселелермен айналысады, шағым түсіруге көмектеседі және көмекке мұқтаж адамдарға кеңес береді. Әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін орталықта мәдени-демалыс шараларын ұйымдастыратын әлеуметтік жұмыс мамандары қызмет атқарады. Орталықта медициналық көмек көрсететін медицина қызметкері мен психологтар да бар. Зардап шеккен адамдарды әлеуметтендіру бойынша барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Сонымен, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу бойынша қабылданып жатқан тиісті шаралар еліміздегі осы үлкен де өзекті мәселені одан әрі шешуге септігін тигізеді деп сенеміз.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар