Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәлік батыр атындағы академия – ақмолалықтар мақтанышы - АРҚА АЖАРЫ

Мәлік батыр атындағы академия – ақмолалықтар мақтанышы

Елімізде жаңа оқу жылы басталғаннан бері біршама жаңалықтар болып жатыр. Мектептердің оқу жылына дайындығымен де танысып жатырмыз. Артықшылық, кемшіліктері де көп құлағына жетуде. Осы тұрғыда 7 қыркүйек күні өңірлік коммуникациялар қызметінде жаңа оқу жылының басталуы туралы баспасөз конференциясы өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігініңМәлік Ғабдуллин атындағыАзаматтық қорғау академиясының бастығы, полковник Ерлан Әлібеков БАҚ өкілдерімен кездесуге келді.

Ол академияның қалыптасу кезеңіне тоқталып, әрі қарай құрылымымен таныстырды. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 мамырдағы №315 Қаулысына сәйкес Көкшетау техникалық институты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық академиясы болыпқайта құрылған.Академияда күндізгі оқу бөлімі, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау және Өскемен қалаларында орналасқан 6 оқу орталығы бар.Академияның ғылыми әлеуеті 13 ғылым кандидаты және 32 магистр мамандардан тұрады. Қазіргі уақытта академия үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау шеңберінде білім ордасының 21 қызметкері жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша шетелдік мамандандырылған жоғары оқу орындарында және Қорғаныс министрлігінің Ұлттық қорғаныс университетінде білімдерін жетілдіруде. Академия тиісті мамандық бойынша бакалавр дәрежесін бере отырып, азаматтық қорғау саласында кадрлар даярлауды жүзеге асыратын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Мұнда оқу «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныстың командалық-тактикалық күштері», «Өрт сөндіру және құтқару ісі» мамандықтары бойынша жүргізіледі. Биылғы жылы 1-курсқа 100 курсант қабылданып, 20 курсант шетелдік мамандандырылған жоғары оқу орындарына жіберілген. Қазіргі уақытта күндізгі бөлімде 487 курсант, 7 аспирант,42 қашықтықтан оқыту курсанты және шетелдік мамандандырылған жоғары оқу орындарында 102 курсант білім алуда.Жоғары оқу орны ретінде құрылған 1997 жылдан 2022 жылға дейін академия 6004 кәсіби білікті маман даярлап шығарған. Шеттегі курсанттарымыз Ресей мен Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандандырылған жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқиды. 2003 жылдан бастап шет елде осылай 341 білікті маман оқып келген.Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикаларының ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдері шеңберіндеазаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында 2012-2013 оқу жылынан бастап жыл сайын оқуға квоталар бөлінуде. Оқу орталықтары ашылғаннан бері 6055 қызметкер бастапқы даярлықтан,7186 қызметкер қайта даярлаудан өткен.Жыл ішінде азаматтық қорғау органдарының 1500-ден астам қызметкері қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім алады.Қазіргі уақытта академияның құрылымдық бөлімшелері 8 ғылыми тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, оның 3-еуі Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырысы бойынша жүргізілуде.Ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыру шеңберінде академия жыл сайын бірнеше халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.«Ғалым Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақстандық патриотизм» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның жұмысына Ресей  және басқа да шет елдердің ғалымдары мен еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысқан.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында еліміздің бас қаласы Астанада академияның жаңа кешенін салу жоспарлануда. Бүгінгі күні 12 гектар жер телімі бөлінген. Құрылысты аяқтау 2026 жылдың соңына жоспарланған. Сөз соңында айтпай кетпеуге болмайтын бір жай, академияның бұрынғы басшысы, генерал-майор Сырым Шәріпханов биыл жазда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Бұл да бүгінде халқымыздың аяулы да батыр перзенті Мәлік Ғабдуллиннің есімін иеленіп, академия деңгейіне көтеріліп отырған іргелі оқу орнының оқытушылық құрамы мен курсанттары үшін үлкен мерей.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар