Әр мектептің қауіпсіздігі қамтамасыз етілсін

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназияға жеке өзі барып, оқушылардың қысымымен болған жағдайды талдап, педагогикалық ұжыммен кездесті.

Оқу орнын аралау барысында Марат Ахметжанов қауіпсіздік жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі және мектептің айналасында жол белгілерінің болмауы туралы ескерту жасады.

– Мен басқа кіреберістен кедергісіз кірдім, дабыл түймесі жұмыс істемейді, жаяу жүргіншілер жолы байқалмайды. Мемлекет басшысы бірінші кезекте балалардың тиісті жағдайлары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударады. Қала әкімі мен білім басқармасына барлық мемлекеттік және жеке мектептерді тексеруді тапсырамын, – деді өңір басшысы.

Білім басқармасының мәліметінше, бұл факт 2023 жылғы
7 қыркүйекте сағат 19.30-да оқу сабақтары аяқталғаннан кейін мектеп дәлізіне барлық сыныптар бір уақытта оқу кабинеттерінен шыққан кезде орын алған.

Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі оқушылардың үзіліске шығу және сабақтан шығу кестесін реттеді. Мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясында барлығы 2866 оқушы оқиды. Мектептің жобалық қуаты – 1440 орын.
2021 жылы мектепте бастауыш сыныптарға арналған 600 орындық қосымша оқу корпусы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта мектепте оқу екі ауысыммен жүргізіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар