Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлтаралық қатынас мәселесінде үлкен күш - АРҚА АЖАРЫ

Ұлтаралық қатынас мәселесінде үлкен күш

Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңестері  ұлтаралық бірлікті нығайтып, азаматтық қоғамды қалыптастыруда жетекші рөл атқарады. Мұндай кеңестер әр өңірде бар, әрі  атқарып жатқан жұмыстары өз нәтижесін беруде.

Аталмыш кеңес Заречный селолық округінде де құрылған. Кеңес қатарына   ауылдың құрметті азаматтары, кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары кіреді.  Осылайша кеңес мүшелері әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғап, қарапайым халықты толғандыратын түрлі мәселелерді шешуде жергілікті атқарушы билікпен әріптес болып отыр.
Әлбетте, кеңестің ең басты қызметі азаматтардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Сондықтан, біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біздің күшіміз – бірлікте» деген қанатты сөзін ұран етіп, оны өткізілетін әр шараның негізі ретінде аламыз.  Әрі  «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы және «Мәңгілік ел» патриоттық актісін басшылыққа ала отырып, селолық округ тұрғындарына  ел тәуелсіздігі мен біртұтастығын сақтаудың маңыздылығын кеңінен насихаттап келеміз.
Біздің селолық округте  12 ұлттың өкілі  тату-тәтті өмір сүруде. Бүгінгі таңда  ауылымызда елдігімізге нұқсан келтіретін бірде-бір оқиғаның тіркелмегендігі жөнінде  мәлімдей аламын.  Алдағы уақытта да осылай жалғаса беретініне шүбә келтірмеймін. Себебі, әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықты  сақтауда Мемлекет басшысының межелеген жоспарларын тынбай орындаудамыз. Елді мекен  облыс орталығынан шалғай орналасса да, жыл санап даму үстінде. Ең алдымен, тұрғындар әлеуметтік инфрақұрылыммен толықтай қамтылған. Атап айтар болсақ, бұл жүз балаға шақталған «Айналайын» бөбекжай-бала бақшасы, 170 оқушы білім алатын орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, ауылдық мәдениет үйі, стадион, шаштараз, асхана және наубайхана. 2011 жылдан бас-тап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында  барлық әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді.
Жергілікті кәсіпкерлер ауылдың көркейе түсуіне өз үлестерін қосып, түйткілді мәселелерді шешуде аянбауда. Тұрғындардың  қажеттілігін дер кезінде қанағаттандыру оң  нәтиже беріп отыр. Осы ретте, қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі орасан.
Кеңестің тағы бір мақсаты – азаматтарды толықтай жұмыс орнымен қамту. Әрине, жұмыссыздық мәселесі өршіп тұрса, бұл әлеуметтік шиеленіске әкеп соғуы ықтимал. Сол себепті,  Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаудамыз. Ауыл азаматтары жұмыспен қамтылып, ай  сайын еңбекақыларын алып тұрса,  мұның өзі қоғамдағы тұрақтылыққа кепіл бола алады. Бұл мәселе бізде жаңа кәсіпорындарды ашу арқылы шешілуде.  Мәселен, 2012  жылы ет сатумен айналысатын  ірі қара мал  және жылқы фермасының қуаттылығы артып, жаңа жұмыс орындары ашылды.
Осы іспетті игі жұмыстарды жүзеге асыруда кеңес мүшелері белсенділік танытуда. Олар жүйелі түрде  әлеуметтік мәселелер бойынша мониторинг, тұрғындар арасында сауалнама жүргізеді. Оның қорытындысына байланысты қажетті жұмыстар атқарады. Селолық округте қордаланған мәселе де жоқ емес. Ол  білікті мамандардың тапшылығы. Бізде мұндай мамандарға барлық жағдайлар қарастырылып отыр. Бізге келіп жұмыс істеуге ниет білдіргендер өкінбейді.  
Міне, осылайша қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері бірліктің, елдіктің үлгі-өнегесін көрсетіп келеді. Әрдайым ұлтаралық достықты нығайтуда тың идеялар мен жаңа жұмыс тетіктерін қарастыратын кеңестің алар биігі әлі алда.

Наталья МИЛЮК,
Заречный селолық округінің әкімі,
Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы.

Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар