Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қарапайым еңбек адамы кешегі кеңес заманында басты назарда болды. Үлкен-кіші аянбай еңбек етті, сол еңбек лайықты бағаланды. - АРҚА АЖАРЫ

Қарапайым еңбек адамы кешегі кеңес заманында басты назарда болды. Үлкен-кіші аянбай еңбек етті, сол еңбек лайықты бағаланды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде нағыз еңбек адамына деген құрметтің азайып кеткені белгілі. Өз басым, еңбек адамына табысын адал маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адамды жатқызамын. Өкінішке орай, біздің қоғамда әлі де болса, еңбек адамдарын бағалау жағы жетіспейді. Көбіне басшылар марапатталады.
Өзім Біржан еліндегі Мәдениет ауылында тудым. Жастайымнан ауыл шаруашылығы техникасына жақын болдым. Мектепті бітірген соң көп ойланбастан, кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түстім. Темір тұлпар тізгіндегеніме 17 жыл өтіпті. Бұл кәсібім өзіме ұнайды. Қазір Невский селосында орналасқан «Қазгер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде механизатор болып еңбек етемін. Биыл трактормен 1500 гектар жер өңдедім, 2500 гектарға дәнді дақылдар сіңірдім. Қазір Сайлаухан Әскер, Сайлаухан Ермұрат, Григорий Матюшонок сияқты әріптестеріммен бірге егін орағына қатысып жүрмін. Күніне 100 тонна астық бастырамын. Міне, бәріміз де осылай қолдан келгенше ортақ игілік үшін жұмыла еңбек етсек, еліміз де, өзіміз де ешкімнен кем болмасымыз анық.
Шыңғыс ЖАРҚЫМБЕКОВ,
озат механизатор.
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар