Ерінбей еңбек етейік

Өз басым ерінбей еңбек етіп жүрген жанның бәрін еңбек адамы деп білемін. Күнкөрістің қамын күйттеп, тіршіліктің күй-беңінен қолы бір босамайтын жандарға құрметім де ерекше.

Қаршадайымыздан сондай еңбекқор адамдарды көріп өстік. Олар қоғам жұмысы ма, елге ортақ іс пе, еш қажымайтын. Әкеміз ертелі-кеш кеңшардың тракторын жүргізсе, анамыз да таң қылаң бере тұрып, үйдің шаруасын реттеп,  жұмысына кетіп бара жататын.
Қазір кей жұрт өткенді еске түсіріп сөйлеген адамды кертартпа, ескішіл көреді. Әңгіме кеңестік қоғамда емес, әңгіме сол кезде еңбектің, еңбек адамының құрметтелуінде. Еңбек бағаланса, не нәрсенің болса да сапасы артады. Жаңа құндылықтар қалыптасады. Елбасы да осыны еңбек туралы өзінің бағдарламалық мақаласында кеңінен атап көрсеткені белгілі.
Өзім Целиноград ауыл шаруашылығы институтын тәмамдап, мал дәрігері мамандығына ие болдым. Қазір Веселый селолық округінің малына қараймын. 2014 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша Жыланды ауылында селолық өндірістік кооператив аштым. Қазір мұнда 286 ірі қара бағылады. Зеренді ауданының Мәлік Ғабдуллин ауылынан асыл тұқымды 10 бұқа сатып алдық. Сөйтіп, өз еңбегімізбен асыл тұқымды мал басын көбейтуге үлесімізді қосудамыз.
Арман БАЙЫСОВ,
мал дәрігері.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар