Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ардақты азаматтың бірі еді - АРҚА АЖАРЫ

Ардақты азаматтың бірі еді

Жуырда бар саналы ғұмырын ұстаздық пенкеңес жұмысына арнаған өнегелі өмір иесі Файзолла Қапаров туралы «Жақсыдан қалған із» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Файзолла Қапарұлы – Көкшетау өңірінің оқу-ағарту саласы мен рухани-мәдени, әлеуметтік-қоғамдық өмірінде жарқын із қалдырған, есімі құрметпен аталатын бірегей жан. Ол білімді де білікті ұстаз ретінде жас ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосқан ақылшы-тәлімгер.

Бұл естелік кітапта ағайын туыстары, қызметтес болған әріптестері және білім нәрімен сусындаған шәкірттері көрнекті ұстаз, ардақты азаматты ыстық ықыласпен еске ала отырып, оның өнегелі өмір жолы, адами болмыс-бітімі мен тұлғалық келбеті туралы сыр шертеді.

Жиында алғашқы сөзді кітаптың шығуына белсене көмектескен Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Гүлнәр Шәймергенқызы алып, аз уақыт аралығында керекті материалдар жинақталып, баспаға жеткенше атқарылған жұмыстар туралы айтты.Қызылтаң елі үшін тұғыры биік тұлға, бар саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз Файзолла ағаның көптеген өнегелі істері ілтипатпен еске алынып, тынымсыз еңбекқорлығы туралы небір деректер келтірілді.«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп сөз бастаған шәкірті КүлбаршынЖапарова ұстазының жаны жайсаң мінезін, ұстамдылығын, оқушыға қоятын биік талабы туралы әңгімелеп, есінде ұстаз бейнесі мәңгіге жатталатынын тілге тиек етті.

Қарындасы Күләш Қапарқызы ағасының бар әулетіне пана бола білген қамқорлығыарқасында жоғары оқу орнын тәмамдап, ұстаздық жолын жалғастырғанына тоқтала келе, ардақты азаматтың үлгі тұтар тұстарын ерекше тебірене жеткізді. Інісі Алпысбай Шөкімұлы, қарындасы Сәуле Байсейітова да адамгершілігі мол ағадан алған тәрбиелерін еске алып, алғыс жаудырып, отбасына рахметтерін айтты.

Файзолла Қапарұлының осы кешіне асыл жары Роза Рақымжанқызы, өнегелі өмір жолын жалғастырған, ел тұтқасын ұстаған адал азаматтар, ұлдары Еркін,Зейін, Шалқарда қатысып,  «өмірлік тірегім»,  «әкешім – мақтанышым» «әкем – асқар тауым» деген өз жүрекжарды тілектерін айтып, бірге өткізген мағыналы жылдарын, алған тәлім-тәрбиелерін мақтаныш етті.«Жақсынын жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, жас та болса, ел сеніміне ие болған Файзолла Қапарұлының үш ұлыда тіл-көзден сақтасын, ауыл, ел мақтанышына айналған өз істерінің шеберлері, бәрі де жоғары білімді азаматтар.

Кешке 40 жылдан астам өмірін ұстаздық жолына арнап, мектеп ұжымын іскерлігімен басқарған халық ағарту ісінің үздігі Файзолла Қапаров ағаның үзеңгілес әріптестері де қатысып, ағадан күнделікті өмірде алған тәлімдері мен тәжірибелері туралы ойбөлісті.Өз білгенін әріптестеріне, шәкірттеріне жалықпай үйретіп, талай жасты ұстаздыққа баулыған педагог шеберлігі туралы Жұмаш Қалымқызы, жақсыдан алған үлгі-өнегесі туралы әріптесі әрі осы мектепті басқарған ізбасары Серік Құдайберген де сөз қозғап, ағынан жарылды. Ағаның ер мінезін, еңбекқорлығын сыйлағанын, үлгі тұтқанын айтты. «Файзолла Қапарұлынан қабылдап алған директорлық қызметті сол кісіден үйренген тәліміме сәйкес абыроймен атқаруға тырыстым» деді.

«Еш іс-тәжірибесіз мектепке келгенімде педагог қызметін ерінбей үйретіп, ұстаздық жолдағы көшбасшым болған еді. Файзолла Қапарұлының менің тағдырымда алған орны ерекше.Ағаға алғысым шексіз, жатқан жері жайлы болсын» деп Бақыт Сердалина сыр шертті.

Қызылтаң орта мектебінің бүгінгі директоры Гүлнәр Темірбаева да өзін осы бір жаны жайсаң адамның, есімі ілтипатпен аталатын ұлағатты ұстаздың шәкірті деп санайтынын ортаға салды. Бұл пікірді әріптесі Жанар Жаңбырбаева да қостап, аға атына жылы сөздерден қалыс қалмады. Тұсау кесер рәсіміне қатысқан барша қонақтар, Файзолла Қапарұлының ескірмес бейнесін осылайша тебірене еске алып, марқұмның аруағына құран бағыштады.

Сексен жылдан астам өмір сүріп, қиындықта да, жақсы күндерінде де өзін тек жағымды қырынан көрсетіп, қызмет баспалдағыменжоғарылай түскен, сөйтіп, біраз жылдар Ортақ ауылдық Кеңесінің төрағасы да болған абзал жан, ұлағатты ұстаз Файзолла Қапарұлы Қапаровтың жарқын бейнесі әлі талай ұрпақ есінде сақталары анық. 40 жылдай жалықпай ұстаздық еткен, 30 жылға жуық мектепте басшылық қызмет атқарып, өзінің бай тәжірибесіншәкірттеріне, жас ұстаздарға, әріптестерінеерінбей үйретіп, үлкен тағылым мектебін қалдырған Файзолла ағайдың ісі осы күні ұрпағымен, шәкірттерімен одан әрі жалғасуда.

Аға салдырған мектеп ғимараты, жанында жайқалған жасыл желек аллеясы жаны жайсаң осы кісіден қалған көптеген игі істердің біріде бірегейі.Мінезге бай, өте байсалды, салиқалы ағамыздың бұл өмірден өткеніне де төрт жыл өте шығыпты. Енді өзі туралы кітабы сыр шертіп, аға жайында жанымызға жылылық сыйлайтын болады.

Г.ШӘЙМЕРГЕНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар