Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Электронды саудада алаяқтық оқиғалары орын алуда - АРҚА АЖАРЫ

Электронды саудада алаяқтық оқиғалары орын алуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Интернет-алаяқтықтан қорғау шаралары туралы» брифинг өтті. Онда Ақмола облыстық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің өкілі Нұрлан Қалқанбаев пен Ақмола облысы тұтынушылар қоғамының төрағасы Серік Мақышев сөз алып, осы саладағы ақпараттармен бөлісті.

Бүгінгі таңда электронды коммерцияға қатысты көптеген шағымдар бар. Мәселен, департаментке келіп түскен 560 арыз-шағымның ішінде электронды коммерцияның үлесі 22 пайызды құрайды. Нәтижесінде осы сұраныстар бойынша тұтынушыларға барлығы 46,0 миллион теңгеге жуық қаражат қайтарылды, оның ішінде электронды саудаға тиесілі 2,9 миллион теңге.

– Тұтынушылардың шағымдары, өнімнің үлгіге және сипаттамаға сәйкес келмеуі,сатушылардың тауарды жеткізу мерзімін сақтамауы,сапасыз тауарлармен қамтамасыз ету,төлем жасағаннан кейін тауарды беруден бас тарту сияқтыжағдайлар аз емес, – дейді Нұрлан Қалқанбаев. Бұл ретте, жөн-жосықсыз жолмен алаяқтық жасау фактілері деанықталды. Олар интернет сайттары мен әлеуметтік желілер арқылы киім-кешек, тапсырыс бойынша жиһаз, тіпті мотоцикл сататын кәсіпкерлер. «Бұндай жағдайлардың көбі желілер мен интернет магазин арқылы орын алады. Барлығына тұтынушының өзі кінәлі. Алған тауарларының немесе дүкендерінің мекенжайы, қай жерде немесе аты-жөндерінде білмей, тек телефон нөмірлерін беріп, сауда жасап жатады дейді бұл ретте, әріптесінің сөзін толықтырған тұтынушылар қоғамының төрағасы.

Сондай-ақ, спикерлер брифинг барысында мынадай заңдарға сүйену керектігін айтты. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 28-бабының 5-тармағына сәйкес сатушы тауарды электрондық коммерцияда тұтынушыға өткізген кезде,тауарларына жан-жақты түсініктеме  беруі тиіс. Тұтынушы қырағылық танытып, дүкеннен заңды тұлға туралы ақпаратты салық органдарының жалпыға қолжетімді деректер базалары мен заңды тұлғалар тізілімін пайдалана отырып, талап етуі қажет. Сондай-ақ, сатып алушының сатып алған тауарына көңілі толмаса, сатушының шағым жіберуге болатын заңды мекенжайы бар екеніне көз жеткізуі керек. Сөз соңында, бүгінгі күні тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша ең қолайлы қызмет e-tutynushy.kz деп атап өтілді. Еліміздің әрбір тұрғыны осы сайтта ұялы телефон немесе компьютер арқылы бұзылған құқықтары туралы хабарлай алады.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар