Еріктілер жүрек қалауымен қайырымдылық үлгісін көрсетіп жүр

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Елдегі және жергілікті деңгейдегі волонтерлікті дамыту» атты баспасөз конференциясы өтті. Брифингке Ақмола облысы «Волонтерлерді қолдауорталығы» фронт-кеңсесінің басшысының міндетін атқарушы Д.А.Хамзин, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-ның атқарушы директоры М.Т.Александрова қатысты.

Бұл спикерлер БАҚ өкілдеріне атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп, баяндама жасады. Қазіргі таңда облысымызда волонтерлік қызметте 3300-ден астам волонтер белсенді жұмыс жасауда.Ақмола облысы өңірлік «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі 2020 жылдан бастап Ақмола облысының «Жастар-ресурстық орталығы» жанында жұмысын бастаған болатын. Оның қолдауымен 89 волонтерлік ұйым белсенді жұмыс атқаруда.

– Волонтерлер өз қызметтерін 9 бағыттажүзеге асырып жатыр. «Күміс, авто» және «зоо волонтерлік» сияқты бағыттары да қарқынды дамуда.Осы бағыттар бойынша өңірімізде1110 іс-шара іске асырылды, – дейді Дидар Хамзин.

Волонтерлердің бастамасымен облысымызда мұқтаж жандарға 19425000 теңге қаражат жиналған.Өткен жылы облыс волонтерлері 747 отбасына азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсеткен.Жоғарыда айтылған бағыттар бойынша биылғы жылы «Доброе сердце Lider.kz», «Lider.kz», «Феникс», «Қазақстан студенттері Альянсы», «Қызыл ай» волонтерлік қозғалыстары өз жобалары бойынша жоғары деңгейде жұмыс атқарғаны баяндалды.

Жыл басталғалы Ақмола облысы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі60-қа жуықжалғызбасты зейнеткерлердің аулаларында қар тазалау мен көктемде орын алатын су тасқынының алдын алу мақсатында аулаларындағы қауіп тудыратын мұздарды ойып шығару жұмыстарын атқарып, осы тұрғыда тазалық сенбіліктер мен бейсенбіліктерін өткізген. Және де жан-жақта орналасқан хоспис, кризисті үйлер мен балалар үйлеріне ойыншықтар мен керек-жарақтарды жіберіп, көңіл-күйлерін аулау мақсатында 7 рет концерттік бағдарламалар ұйымдастырған. 60 жалғызбасты соғыс және тыл ардагерлеріне апта сайын азық-түлік себеттерін апару, донорлық қан тапсыру көмегін 8 рет жүргізген. Сондай-ақ, әр түрлі жерлерде орын алып жатқан төтенше ахуалдарға қорлар ашқан. 16 мүгедек жанға мекен-жайлы көмек те ризашылық туғызады. 15 рет Lider.KZ волонтерлері жоғалған жандарды іздеу процесіне ат салысқан. «Қазақстан студенттер альянсы» Ақмола облысының филиалындағы еріктілер де әртүрлі қайырымдылыққа арналған спорттық іс-шаралар, атқарып келе жатқаны да волонтерлік қозғалыстың кең қанат жаюының бір көрінісі екені анық. Брифингте сөйлеген осы қозғалыс жетекшілерінің сөзінен бұл қайырымдылық ісі алда да өз жалғасын таба түсетіндігін есту көңілге қуаныш ұялатады.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар