Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еліміздің қалыптасуындағы әділет органдарының қызметі - АРҚА АЖАРЫ

Еліміздің қалыптасуындағы әділет органдарының қызметі

Елімізде «Әділет органдары қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесідәстүрлі түрде аталып келеді. Әділет органдары – өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуін жүзеге асыратын,  мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдайтын, ұйымдармен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауын қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары. Бұл Қазақстан Республикасы «Әділет органдары туралы» Заңында тікелей көзделген.

Құқықтық Қазақстанның қалыптасуындағы әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың білікті заң көмегін алу үшін конституциялық құқықтарын жүзеге асыру болып табылады. Және бұл жұмысты әділет қызметкерлерімен бірге Ақмола облысындағы 327 адвокат, 141 нотариус, 246 жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлер, 85 жеке сот орындаушылары жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған заңгерлердің сапалы заң көмегін көрсетуі өте маңызды, өйткені, ол азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.  Сондай-ақ, уақыт талабы бойынша өзгертіліп жатқан және электрондық форматқа ауысып жатқан нотариаттық қызметтердің үлкен спектрі бар. Ал, жекелеген жағдайларда олар экстерриториялық белгі бойынша көрсетілуі мүмкін.

Біздің ведомстволық бағынышты ұйымдарымыз адвокаттар алқасы, нотариаттық палата, жеке сот орындаушылар палатасы және заң консультанттары палатасы өз қызметін заңдарға сәйкес жүзеге асырады және өздерінің басқару органдары, яғни, сапасыз заң көмегін көрсету,  нотариаттық қызметтер және сот актілерін орындау бойынша азаматтарымыздың және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарауға уәкілетті тәртіптік комиссиялары бар. Аталған адвокаттық және нотариаттық комиссияларының құрамына қоғамдық өкілдер, ал, адвокаттық комиссия құрамына отставкадағы судьялар кіреді.Айта кету керек, әділет органдары мемлекеттік қызметтердің үлкен спектрін жүзеге асырады, бұл біз үшін өте маңызды.

Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу сияқты қызметтер, ресми құжаттарға апостиль қою, мемлекеттік сот орындаушыларымен атқарушылық өндірістерді қозғау, нотариаттық, адвокаттық қызметпен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткерлерді аттестаттау электрондық форматқа ауыстырылды, бұл мемлекеттік қызметті көрсетуді әлдеқайда жеңілдетті, сонымен қатар, біздің қызмет алушылардың уақыты мен шығындарын үнемдейді.Бұдан басқа, заңды тұлғаларды тіркеу рұқсат берілген тәртіптен хабарламалық тәртіптегі тіркеуге ауыстырылды, олардың көрсету мерзімдері екі есеге, ал, электрондық үкімет порталында (ЭҮП) санаулы сағатқа қысқартылды, тіркеуге қажетті құжаттар тізімі де қысқартылды, апостильдеу және аттестаттау да онлайн форматқа  ауыстырылған.

Барлық қазақстандықтар үшін жедел қызмет көрсету өте маңызды, себебі, біз тез өзгеретін әлемде өмір сүріп жатырмыз, көптеген өмірлік жағдайлар белгілі бір мәселені жедел шешу және шұғыл шешім қабылдауды талап етеді. Бұл тұрғыда, біздің жергілікті атқарушы және өкілдік органдардың нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу функциясы да ерекшелік емес және электрондық форматқа ауыстырылған.Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу мерзімі де айтарлықтай қысқарды. Бірақ, ең бастысы, бірқатары міндетті мемлекеттік тіркеу тізбесінен алып тасталды, бұл аймақ үшін аса маңызды актілерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Шешім қабылдау кезінде бюрократиялық әуре-сарсаңды қысқартты, бұл мемлекеттік органдардың жұмысын дебюрократизациялау бойынша қабылданған шаралардың бірі болды. Осы жылдың басынан бастап Әділет министрлігінен нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бойынша функциялар облыстық әділет департаменттеріне берілді.

Жылжымайтын мүлікті, коммерциялық, азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік бақылау және әдістемелік қамтамасыз ету әділет органдарының қарауында қалады. Аталған салалардағы мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі. Біз өзара қарым-қатынасты, бірлескен іс-шаралар, жеке және заңды тұлғалар өтініштері бойынша тексерулерді, тиісті мемлекеттік деректер базасының мониторингі, яғни, сапалы және уақытылы мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған жұмысты немесе осы маңызды салалардағы заңдылықты бұзуға жол бермеуді жүзеге асырамыз.

Сот актілерін орындау – әділет органдарының қызметіндегі ең маңызды бағыттардың бірі. Алимент, мүлікті алып қою, мәжбүрлеп шығару, мүлікті бұзу, кәмелетке толмаған балаларға қатысты істер сияқты әлеуметтік маңызы бар санатты атқарушылық өндірістерді орындау заңды және психологиялық тұрғыдан күрделі әрі тек бейінді заңмен реттеледі. Бұны осы салада жұмыс істейтін әділет қызметкерлері және сот орындаушылар жақсы біледі.

Адамдар күнделікті өмірде қандай мәселемен жиі кездеседі және сот орындаушылардың көмегіне жүгіне ме? Әрине, бұл – елден тыс шығуға тыйым салу және борышкерлер тізілімінде болу.

Борышкерлердің бірыңғай тізілімі – бұл Әділет министрлігінің сайтында жүргізілетін қарыздардың болуына байланысты қозғалған барлық атқарушылық өндірістер туралы бірыңғай дерек базасы. Борышкер тізілімге атқарушылық өндіріс қозғалған сәттен бастап кіреді және борышы жабылған кезде алынып тасталады. Борышкерлердің тізілімінде болу елден тыс жерлерге шығуға тыйым салуға, банкте шот ашуға кедергі болады, сондай-ақ, нотариаттық қызметтерді ұсынудан бас тарту үшін де негіздеме болады. Мысалы, жылжымайтын мүлік. Осындай мәселерге тап болмау үшін біздің азаматтар өздерінің берешегін тексеру және өтеу, ЖСО қызметін төлеу бойынша мәліметтерді www.adilet.gov. kz. ақпараттық порталында, сонымен қатар, елден тыс жерлерге уақытша шығуға тыйым салу бойынша ақпаратты Post.kz, Kaspi.kz немесе «Қазпошта» терминалдары арқылы біле алады.

Әкімшілік процестік-рәсімдік кодекстің қолданысқа енгізілгеннен кейін біздің азаматтарымыз бен заңды тұлғалардың әрбір өтініші толық, объективті, жан-жақты, уақытылы қарастырылуға тиіс. Бұл жерде оны сапасыз қарастыру немесе қарастыру тәртібін бұзу жағдайында жауапкершілікке тартылатынын білуі қажет. Кейбір жағдайларда, сот ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы. Және бұл қатаң болуы мүмкін, бірақ, әділ. Әділет қызметкерлері бұл бағытта күнделікті жұмыс істейді.

Біздің заңгерлерімізге келетін болсақ, бейіндік заңдарда заң бұзушылықтардың нақты тізімі анықталған, осыған жол берген жағдайда оларды сот шешімімен лицензиясын айыруға болады немесе лицензия тоқтатыла тұрады, сонымен қатар, тәртіптік сипаттағы шараларды қолдану қарастырылған. Сондықтан, құқықтық көмек, нотариаттық қызмет көрсету және сот өндірісін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасын  нақты сақтау өте маңызды.

Азаматтардың құқықтық мәдениетін дамыту мәселелері өте маңызды болып қала береді. Сондықтан, түрлі іс-шаралар, акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу, заңнаманы түсіндіру мақсатында азаматтарды қабылдау, біздің және әріптестеріміздің басты міндеті. Адвокаттар мен заң консультанттары мемлекет кепілдік берген заң көмегін кешенді әлеуметтік заң көмегі шеңберінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңымен тегін заң көмегін алатын азаматтардың санаты анықталды. Қазіргі уақытта бұл санат ұлғайтылды, сондықтан, азаматтар осыған да сенім арта алады.

Қолайлылық пен қолжетімділік мақсатында  біздің азаматтарға Әділет министрлігінің ақпараттық қызметі – ПИС, байланыс 119,Қазақстан бойынша ұялы байланыс операторларынан басқа, 58-00-58 Астана, Алматы қалалары үшін, Қазақстан бойынша – 1414, WhatsApp +77086935631телефоны арқылы тәулік бойы құқықтық мәселелер бойынша жүгіну мүмкіндігі бар.

Зияткерлік меншік құқығын қорғау да өте маңызды. Себебі, мемлекетте зияткерлік меншікті дамыту үшін қаншалықты жағдай жасалғандығы және оны қорғау институттарының қаншалықты тиімдіекені мемлекеттің әлемдік аренадағы беделі мен рейтингіне тікелей байланысты. Біздің еліміздегі зияткерлік меншікті қорғау шаралары әлемдік деңгейге және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және біз бұл біздің артықшылығымыз екенін мақтан тұтамыз. Біз сондай-ақ, құқықтық Қазақстанның қалыптасуындағы әділет имиджі мен рөлін арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Қызметтік міндеттерін орындауда этикалық нормаларды сақтау, кәсібилік, адамға деген құрмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды сақтау бар және басымдыққа ие болады. Бұл жұмысты әділет органдарында  облыстық департаменттердің басшыларының орынбасарларына жүктелген  Әдеп жөніндегі уәкілдер жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Ақмола облысының әділет департаменті қызметкерлерінің мұқтаж азаматтарға қайырымдылық көмегін көрсетуге әрдайым дайын екендігін ерекше ризашылықпен атап айтқым келеді. Департамент ұжымы мүгедектігі бар адамдарға, көп балалы отбасыларға,  өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға және мұқтаж азаматтарға адвокаттармен, нотариустармен, жеке сот орындаушылары және заң кеңесшілерімен бірлесіп, үнемі қайырымдылық, материалдық және заңгерлік көмек көрсетілетін акциялар өткізеді. Сонымен қатар, әділет қызметкерлері шығармашылық қабілеттерге ие және әртүрлі іс-шараларға, соның ішінде спорттық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр.

Кәсіби мереке қарсаңында Ақмола облысы әділет департаментінің ұжымындағыәріптестерімді кәсіби мерекемізбеншын жүректен құттықтай отырып, елімізге бейбітшілік, бірлік пен ынтымақтастық, қазақстандықтарға амандық пен сенімділік, қызметімізде табыс, денсаулық және барлық жақсылықты тілеймін!

Гүлмира САҒАДИЕВА,
Ақмола облысының әділет департаменті
басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар