Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Спорт нысандары баршаға қолжетімді болуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Спорт нысандары баршаға қолжетімді болуы керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыс орталығы Көкшетау қаласында бірқатар спорт нысандарын аралап, олардың жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы жоғары спорт шеберлігі мектебінде болды, одан әрі «Оқжетпес» стадионын жөндеудің барысымен танысты және «Бурабай» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Қажымұқан атындағы №3 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жағдайына қанықты. Ақмола облысы өз спортшыларымен танымал аймақтардың бірі. Дегенмен, бапкерлер мен олардың шәкірттерінің жоғары шеберліктеріне қарамастан, өңірде осы салада  өзекті  мәселелер жетерлік. Жеңіл атлетика манежі 1989 жылы пайдалануға берілді. 2019 жылы нысанжоғары спорт шеберлігімектебініңбалансынатапсырылған еді. Бүгінгі таңда мұнда жеңіл атлетикадан 400-ге жуықспортшы жаттығуда. Тәлім алғандардың дені республикалық және әлемдік аренада біраз жетістіктерге жетті және алдағы уақытта, үлкен мақсаттарға қол жеткізу үшін барынша дайындалуда.

Бұл объектімен танысқаннан кейін Марат Ахметжанов спорттық дағдыларды жетілдіру үшін қажетті жабдықтар тізбесімен өтінім жолдауға тапсырма берді. Кейін  аймақ басшысы «Оқжетпес» орталық стадионына барды. Қаланың басты футбол алаңында қазір жылыту жүйесі салынуда. Оның ауданы 7700 шаршы метрді құрайды. Аталмыш нысанды пайдалануға беру мерзімі бірнеше мәрте өзгерді. Нәтижесінде облыс орталығы бір биылғы маусымда үлкен футболсыз қалды. «Оқжетпес» клубы өз жанкүйерлерінсіз барлық ойындарын сырт алаңда өткізуінің салдарынан бірінші топқа түсіп қалғалы отыр. Стадионның қазіргі  жағдайы көңіл көншітпейді, яғни, трибуналар ескіріп, жеңіл атлетикаға арналған жолдар жарамсыз болып қалған. Марат Ахметжанов мердігер ұйымның баяу жұмыс істегенін сынға алып, бұл нысанды өз бақылауында ұстайтын болды.

− 18 желтоқсанға дейін мердігермен қосымша келісім жасастық. Кеше провайдермен сөйлестім. Ол нысандағы жұмысты аяқтау үшін бар күш-жігерімді саламын деп уәде берді. Соттарда істер жалғасатын болады. Алаңдағы жөндеу жұмыстары биыл аяқталмақ, − деді облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев.

Мердігер ұйым жұмысты бірнеше рет тоқтатқаны үшін жосықсыз деп танылды. Стадионда көгалдарды төсеу шамамен қазан айының соңына дейін аяқталуы тиіс.

− Көкшетауға Астанада ойнап, жанкүйерлерді қуантпайтын футбол клубының не керегі бар? «Оқжетпес» футбол клубының өз стадионы болуы керек. Осында көкшетаулықтар келіп, өз командасына қолдау көрсетеді. Спортшылар үшін оларға сеніп артқан жанкүйерлерінің болуы өте маңызды. Бұл мәселені шешіп, қалған барлық қажетті мәселелерді бөлек талқылау қажет, – деген Марат Ахметжанов «Оқжетпес» стадионына қатысты барлық жұмыстарды жыл соңына дейін бітіруді тапсырды.

Облыс әкімі «Бурабай» мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне де барды. Мұнда балалар хоккей, мәнерлеп сырғанау, жүзу сынды көптеген спорт түрлері бойынша жаттығуда. Сондай-ақ, ол Қажымұқан атындағы №3 облыстық олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен танысып, жас баскетболшылармен сөйлесті.

Спорт кешенінің директоры Руслан Мусинов облыс әкіміне жаттығушы спортшылар барлық үш олимпиадалық спорт түрінен өтетін жарыстарда нәтижелерге қол жеткізіп жатқандарын айтты.  Осы арада Марат Ахметжанов баскетболдан құрама команда мүшелерімен кездесті.

− Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спорт басымдыққа ие болуы тиіс. Біздің басты міндетіміз спорт нысандарын тұрғындарымызға қолжетімді ету. Біз перспективалы спортшыларға барынша қолдау көрсетеміз, олардың ішіндегі ең үздіктері Ақмола облысы әкімінің гранттарын алатын болады. Біздің баскетбол командасына финалға шығуды, ал, боксшылар мен ауыр атлеттерге жарыстарда жарқын жеңістерге жетуді тілеймін, − деді өз сөзінде Марат Ахметжанов.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек Данияров.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар