Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Істің тетігін білікті кадрлар шешеді - АРҚА АЖАРЫ

Істің тетігін білікті кадрлар шешеді

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы  партияның кадрлық резервін қалыптастыру мен кадрларды іріктеу мәселелеріне арналған брифинг өткізді.

Отырысқа «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары  Азамат Біржанов, аталмыш партияның саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Еркебұлан Балбергенов, облыстық және қалалық мәслихаттардың  депутаттары  мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы  партияның кадрлық резервін қалыптастыру бойынша  өз жұмысын бастайды. Бұл сайланбалы және партиялық лауазымдарға  білікті мамандар шоғырын ұсынудың  жүйелі  тәртібі.  
Жиын барысында  аталған байқаудың мақсатын  Азамат Біржанов  жиналған қауымға толық айтып берді. Резерв бастауыш партия мүшелері, белсенді жастар мен партия жасақтары қатарынан құрылады. Одан әрі, аймақтық кадрлық резервке ену үшін үміткерлер үш сатылы іріктеу жүйесінен өтуі керек. Олар кәсіби деңгейі мен партиялық  сипаттары бойынша тексерістен өтеді. Ал, Еркебұлан Балбергенов «Нұр Отан» партиясының кадрлық резерві республикалық және аймақтық деңгейлерде бекітілетінін, әр ауданнан он үміткер болса,  қала бойынша  он екі және облыс орталығынан жиырма бес үміткер қатысатынын айтты. Аталған резерв 2017 жылдың соңына дейін қалыптастырылатын болады. Партияның  аймақтық кадрлық резервіне республика бойынша  үш мыңнан астам адам  енгелі отыр.
Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар