Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нан - АРҚА АЖАРЫ

Нан

Қарным ашса, ұстайтыным нан,
Тез-тез турап тастайтыным нан.
Таба нанның анашым салған,
Дәмін айта бастайтыным нан.

Дүкенгекөп баратыным нан,
Таңдап жүріп алатыным нан.
Қымбаттаса, неге бұлай деп,
Таң-тамаша қалатыным нан.

Осыған бір көнбейтінім нан,
Көктем, күзде өрлейтінім нан.
Астығы мол, ал, наны қымбат,
Сылтауларға сенбейтінім нан.

Кейде таппай іздейтінім нан,
Дастарханнан үзбейтінім нан.
Егін көрсем, шегі-шеті жоқ,
Ырысты өлке біз дейтінім нан.

«Пісміллә» деп қоятыным нан,
Сары маймен тоятыным нан.
Бауырсақты алдына үйіп,
Досқа құшақ жаятыным нан.

Ес кіргеннен білетінім нан,
Шат көңілмен күлетінім нан.
Көзім шалса, жерде жатқанын,
Жинап-теріп жүретінім нан.

Сонау жылдар тарыққаным нан,
Үзіміне зарыққаным нан.
Үш миллион қазақ қырылып,
Таппай, татпай, қамыққаным нан.

Сондықтан да табынарым нан,
Қасиетіне бағынарым нан.
Басқа елдің наны біртүрлі,
Оралғанша сағынарым нан.

Ас біткеннің атасысың нан,
Бабалардың батасысың нан.
Ырыздықтың бастауысың нан,
Маңдай тердің адалысың нан.

Талдырмайсың өзегімді нан,
Тоқ ел деймін өз елімді нан.
Қадіріңді шындап білем де,
Жырлай берем мен өзіңді нан!

Қайырбай ТӨРЕҒОЖА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар