Заңдық маңызы бар, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттарды, олардың көшірмелерін, телнұсқаларын берумен байланысты іс-әрекеттер жасағаны үшін бюджетке алынатын төлем мемлекеттік баж болып табылады. Соттарда мемлекеттік баж төлеуден:
– талапкерлер – мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ, бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының бірі, мүгедектігі бар бала – барлық істер мен құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында мемлекеттік баж төлеуден жеке тұлғалар — мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедек баланың ата-аналарының бірі босатылады.
Нотариаттық ic-әрекеттер жасау кезінде:
– мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ, бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының бірі, мүгедектігі бар бала барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;
Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде:
– мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың ата-аналарының бірі, мүгедектігі бар бала, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар туу туралы қайталама куәліктерді тіркегені және бергені үшін;
Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарда:
– мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың ата-аналарының бірі, мүгедектігі бар бала, сондай-ақ, Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар босатылады.
Басқа да іс-әрекеттер жасаған кезде атап айтқанда:
1) қылмыстық істе азаматтық талап қою кезінде;
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостиль қоюға келіп түсетін құжаттарға апостиль қою кезінде;
3) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер беру кезінде – Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы жүгінген азаматтар;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттарын және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін беру кезінде:
5) жоғары сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беруді қоспағанда, автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру кезінде:
– мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ, бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының бірі, мүгедектігі бар бала мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.