Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Иран Елшісі елдестіру ниетімен Көкшетауға келді - АРҚА АЖАРЫ

Иран Елшісі елдестіру ниетімен Көкшетауға келді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукар мырзамен  кездесіп, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасарлары мен сала басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.   

– Ақмола облысы еліміздегі аса ірі өнеркәсіпті аграрлық аймақ. Республикамыздың төрттен бір бөлігін ұнмен қамтамасыз етіп отыр. Жыл сайын біздің облысымыз әлемнің 30-дан астам мемлекетіне 2,5 миллион тонна астық экспорттайды. Облыста 1300-ге жуық өнеркәсіп орындары бар. Металлургия, машина жасау, азық-түлік өндірісі, құрылыс индустриясы жақсы дамыған. Өңір дәнді және майлы дақылдарды, мойын тіректерді, ұнды, ет және сүт өнімдерін, тауық жұмыртқасын, өсімдік майын, сусындарды, полиэтилен мен полипропиленнен жасалған қапшықтарды және тағы басқа өнімдерді экспортқа шығарады, – дей келіп, облыс әкімі мәртебелі меймандарға Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тарқатып айтып берді.  Өңір басшысы өз сөзінде Бурабай-Щучье курортты өлкесінің тамылжыған табиғаты мен  әлеуетін де тілге тиек етті.  Қазіргі таңда ақмолалықтар өз өнімдерімен елімізді айтпағанда, алыс-жақын шетелдердің біраз қажеттерін қамтамасыз етіп отыр. Атап өтерлігі, Ақмола облысы 90 мемлекетпен сауда  қарым-қатынасын орнатқан. Оның ішінде Иран Ислам республикасы да бар.

Өз кезегінде Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукар мырза облыс әкіміне алғысын айтып,  алдағы уақытта екі ел арасында ортақ мүдделер негізінде Қазақстан-Иран қатынастарын одан әрі дамыту үшін зор әлеует бар екендігін атап өтті.

– Біз инвестициялар бойынша көрсеткіштерді нығайтып, екіжақты сауда айналымын ұлғайтқымыз келеді. Иран компаниялары Қазақстанда түрлі салаларда өз қызметін кеңейтуге мүдделі. Бұл тау-кен металлургия кешеніне, ауыл шаруашылығына, денсаулық сақтау, сондай-ақ, көлік саласына қатысты», – деді Али Акбар Джоукар мырза.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың барлық өзара тиімді бағыттары бойынша белсенді байланыстарды қолдауға дайын екендіктерін  баса айтып, екі ел арасындағы өзара  ынтамақтастық байланыстың нығая түсетіндігіне сенім білдірді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
      «Арқа ажарының» өз тілшісі.  

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар