Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыс орталығы Көкшетау қаласының әлеуметтік-өндірістік бірқатар нысандарын аралап, олардың жұмысымен танысты.
2020 жылы Көкшетау темір жол вокзалы ғимаратын жөндеуге және іргелес аумақты абаттандыруға шамамен 45 миллион теңге бөлінген көрінеді. Бұл жолы Марат Ахметжанов вокзал алдындағы орындықтардың, төсеніштердің және гүлзарлардың тозуғанына назар аударды. Ол вокзал мен алаңның бірыңғай дизайнының қажеттілігін атап өтіп, нысанды «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» акционерлік қоғамының балансына беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Аймақ басшысы қазақстандық-ресейлік кәсіпорын – «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамында болды. Зауыт 2005 жылы 2 маусымда құрылды. Алғашқы бетте конвейерден самосвалдар мен вахталық автобустар шығарылды, содан кейін КамАЗ жүк көлігі мен тіркемесі өндірісі қарқынды дамыды. Қазіргі уақытта «КамАЗ-Инжиниринг» Қазақстан Республикасындағы техникалық жағынан жақсы жабдықталған зауыттардың бірі болып табылады. Тәулігіне 10 жүк көлігіне дейін шығарады. Тек 2023 жылдың 8 айында 37 миллиард теңгенің 886 автокөлігі шығарылды. Кәсіпорын директоры Сергей Кистиннің айтуынша, автомобильдер елдің бүкіл аумағында сатылады. Марат Ахметжанов зауытта жұмыс істейтін қарапайым жұмысшылар басты назарда болуы керектігін және кәсіпорынға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Сондай-ақ, аймақ басшысы «Тыныс» акционерлік қоғамының әлеуетін де бағалады. Зауыт директоры Қайрат Қалманбаев зауыттың жұмысы және технологиялық жаңғырту перспективалары туралы хабардар етті. Оның айтуынша, кәсіпорынның техникалық мүмкіндіктері мен қызметкерлердің әлеуеті жаңа бағыттарды игеруге және нарыққа жеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Пандемия кезінде мұнда өкпені жасанды желдету аппараттары шығарылды, қолжетімді мүгедектер арбалары да игерілді. Зауыт өндірістік қуаттылықты арттыруды және өнім номенклатурасын ұлғайтуды жалғастыруда. Өрт сөндіру және жеке қорғаныс құралдары, газ тығындау арматурасы, медициналық техника, полиэтилен құбырлары, төтенше жағдайларға арналған модульдік қорғаныс құралдарын шығару соның айғағы.
Облыс әкімі «Kazrost Engineering» серіктестігінің агромашиналар шығаратын зауытына барды. Кәсіпорын аумағында металды механикалық өңдеу цехы, бояу-кептіру кешені, жоғары дәлдіктегі дәнекерлеу жабдықтары бар. 2020 жылы өндірісті жаңғырту жүргізіліп, шығарылатын техниканың, анығын айтқанда, астық жинайтын комбайндар мен тракторлардың модельдік түрлері кеңейтілген.
− 2020 жылдан бастап өндірістік кешенге 4 миллиард теңгеден астам инвестиция салынды, қазір өндірістің екінші кезегі туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз, оның ішінде сорғыштар мен кабиналарды өзіміз шығарғымыз келеді. Біз аграршыларды сапалы ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету үшін облысты дамытуға және адами әлеуетке үнемі инвестиция саламыз, − деп атап өтті кәсіпорын директоры Дарын Иманмұсаев.
Тағы бір перспективалы кәсіпорын «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» серіктестігі ресей және беларусь өндірушілермен бірлесіп, сұранысқа ие ауыл шаруашылығы және коммуналдық техниканы құрастырумен айналысады. Бас директор Олег Балыбин өңір басшысына ҚАИК-тің ағымдағы даму барысы туралы баяндап, машиналарды құрастыру процесін және дайын өнім үлгілерін көрсетті.
− Жалпы, біздің кәсіпорын машина-трактор комбайнын жаңартумен айналысады. Біз ауыл шаруашылығы, мамандандырылған және коммуналдық техниканы құрастыру және жеткізу қызметтерін ұсынамыз, – деді Олег Балыбин.
Аймақ басшысының жұмысшылардың орташа жалақысы туралы сұрағына ол шамамен 270 мың теңге, бірақ, материалдық қолдау шаралары оның ішінде тоқсандық және жылдық сыйақылар бар деп жауап берді.
«ENKI PLUS» серіктестігінің кірпіш шығаратын зауытында кәсіпорын директоры Мырзабай Әбдіқалықов облыс әкіміне керамикалық кірпіш өндіру технологиясы туралы айтып берді. Қаптамалыкірпіштіңберіктігі мен аязғатөзімділігініңжоғарыдеңгейіғимараттардыңқасбеттерініңбастапқыкөрінісінкемінде 50 жылсақтауғаықпалетеді. Жақында жылына 30 миллион дана керамикалық кірпіш шығара алатын жаңа цех салынды. Зауытта 400-ге жуық адам еңбек етеді.
− Біз де қолдауды қажет ететін бірқатар ірі кәсіпорындар табысты жұмыс істеуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткеніндей, еңбек адамы ерекше құрметке ие болуы тиіс. Педагогтар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары, құтқарушылар, жұмысшылар, шаруалар еліміздің ең құрметті азаматтары болуға тиіс, олардың еңбегін үнемі көтермелеп отыру қажет, − деп қорытындылады еңбек ұжымдарына сапарын Марат Ахметжанов.
Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.